Бұл туралы Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина журналистермен өткізген брифингте айтты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда облыста коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. 15 маусымнан бастап өңір «жасыл» аймақта орналасқан. Соңғы аптада тіркелген жағдайлардың саны 1,2 есе азайды. Яғни, 295-тен 246-ға дейін, бұл 50 жағдайға аз.
«Тәулігіне 40 жаңа COVID-19 жағдайы тіркеледі. Алайда, бүгінгі таңда Қостанай, Павлодар облыстарымен шектесетін аудандарда COVID-19 жұқтырғандар санының өсуі байқалады. Сонымен қатар, Коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша әлі де «қызыл» аймақта тұрған Нұр-Сұлтан қаласынан халықтың қатынауы сақтықты және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауынан қорғануды талап етеді», — деп атап ол.
Брифингте айтылғандай, елорда маңындағы аудандарда облыстың басқа өңірлерімен салыстырғанда аурушаңдықтың жоғары деңгейі тіркеледі. Мәселен, маусым айында Аршалы ауданында — 83, Целиноград ауданында — 90, Ақкөл ауданында — 40, Шортанды ауданында — 24 жағдай тіркелген.
Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері атап өткендей, 27 маусымнан бастап жаңа қаулымен Ақмола облысының төрт астаналық өңірі — Целиноград, Шортанды, Ақкөл және Аршалы аудандары үшін қосымша шектеу карантиндік шаралары енгізіледі.
Осыған сәйкес, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер 27 маусымнан бастап сағат 10-нан 22-ге дейін жұмыс істейді. «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынады.
Дәмхана, мейрамханалар, дүкендер жанындағы барлар және т.б. үлгідегі қоғамдық тамақтану нысандары (үй-жайда) 50 пайызға дейін толтырылған жағдайда, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс режимі бар 50 орыннан аспайтын жағдайда жұмыс істейтін болады. 20:00-ден 07:00-ге дейін осы нысандардың өнімді жеткізуге өткізуіне ғана жол беріледі. Сенбі және жексенбі күндері фитнес-орталықтар, йога-орталықтар, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, жабық азық-түлік емес базарлар жұмысын тоқтатады.
Сенбі күні Қазпошта да, ХҚКО да жұмыс істемейді. Жексенбі күндері қоғамдық көлік жұмысын тоқтатады (бар болса). Егер ұйымның штат кестесінде 20-дан астам қызметкер болса, олардың кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге көшуі керек.
Сонымен бірге, А.Мусина ақмолалықтарды барлық карантиндік шараларды сақтауға шақырды және олар сақталмаған жағдайда өңірдегі жағдай кез келген уақытта нашар жаққа өзгеруі мүмкін екенін еске салды.