Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Номиналы 200 теңгелік банкноттардың айналымда болу тәртібі туралы - АРҚА АЖАРЫ

Номиналы 200 теңгелік банкноттардың айналымда болу тәртібі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкіне (ҚҰБ) тұрғындар тарапынан өтініштер түсіп жатыр. Шағым иелері кәсіпкерлердің номиналы 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тартатынын айтады.

ҚҰБ номиналы 200 теңгелік банкноттардың заңды төлем құралы болып қалатынын еске салады. Олар 200 теңгелік монеталармен айналымда қатар жүреді. Ол банкноттарды төлемдердің, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылдауға міндетті.
Бұл банкноттарды банктер мен «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ ҚҰБ филиалдарында ұсақтауға да, айырбастауға да болады. Олар табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан алынады.

Бұл банкноттарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Егер сізден номиналы 200 теңгелік купюралар қабылданбаса, онда жақын маңдағы ҚҰБ-тың аумақтық филиалына хабарласу қажет. Бейнежазба жасауға кеңес береміз, болмаса, банкнотты қабылдаудан бас тартқан адамнан  жазбаша негіздеме талап етіңіз.

Қосымша сұрақтар туындаса, Көкшетау қ., М. Әуезов к., 214 мекенжайы бойынша орналасқан ҚҰБ Ақмола филиалына және 8 (7162) 55-18-09, 55-18-00, ішкі 2231, 2234 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар