Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Халқымыз домбыраны ежелден қадір тұтып, көненің көзі, бабаларымыздан қалған қасиетті де асыл мұра есебінде таниды. Сан ғасырлар бойы Ұлы даланы өзінің күмбірлеген сазды үнімен жаңғыртып келе жатқан домбыраны халқымыздың тарихы мен шежіресі деп танимыз. Сол қасиетті мұрамызды тәуелсіз еліміздің бүгінгі және келер ұрпақтары да қадір тұтып, ұлттық аспабымызды кеңінен дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 12 маусымдағы №699 Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні деп белгілеген болатын.

Биылғы Ұлттық домбыра күні шілденің 4-ші жұлдызына келіп отыр. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аталып өткелі отырған Ұлттық домбыра күнінің ерекше маңызы бар деп санаймын. Сал мен серілердің, ақындар мен жыраулардың мекені болған біздің Қараөткел мен Көкшетау елінде Біржан салдың, Ақан серінің, Балуан Шолақтың, ақын-жыраулар Құлтума мен Үмбетейлердің асыл мұралары домбыраның асыл ырғағымен жаңғырып келеді.

Ұлттық домбырамызды қастерлеу мақсатында Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласында 2019 жылы биіктігі 13 метр болатын Домбыра ескерткіші орнатылды. Бұл Көкшенің көгін ән мен күйге бөлеген және бүгінгі күні де домбыраның үнін асқақтатып жүрген өнер майталмандарына деген құрметіміздің белгісі деп танимыз.

Ұлттық домбыра күні баршаңызға сау-саламаттылық пен отбасының аманшылығын, бақыты мен берекесін тілеймін. Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік және экономикалық, рухани жаңғыруы жолындағы алға қойылып отырған міндеттерді орындау жолында табысқа жете берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Еліміздің ынтымағы мен бірлігін сақтайық!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар