Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2021 жылғы маусым айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы - АРҚА АЖАРЫ

2021 жылғы маусым айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы маусымда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 103,4% құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде – 103,7%, республикалық мағынада, тиісінше – 104,6% және 104,2% құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 2,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 4,0%-ға, азық-түлік тауарлары – 6,3%-ға қымбаттады.
2020 жылғы 21 шілдеден бастап 2021 жылғы 25 шілдеге дейін базалық мөлшерлеме жылғы 9,0% құрады. 2021 жылғы 26 шілдеден бастап базалық мөлшерлеме 9,25% құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 2,7%-ға азайып, 92,6 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 35,1 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 57,5 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.
2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 15 филиалы және «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.
Валюта нарығы. 2021 жылдың мамыр айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 4278,36 теңгені, еуроға – 515,94 теңгені, ресей рубліне – 5,77 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысында 67 айырбастау пункті, оның ішінде: 55 – банк филиалдарының, 11 уәкілетті ұйымның 12 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2021 жылғы маусым айында облыстағы айырбастау пункттері 6,8 миллион АҚШ долларын, 1,3 миллион еуро және 530,6 миллион ресей рублін сатты. 2020 жылғы мамыр айында – 8,4 миллион АҚШ доллары, 1,8 миллион еуро және 492,0 миллион ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 213,0 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,6%-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 0,6%-ға өсті.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 82,7% құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 7,49%, шетел валютасы бойынша – 0,81% болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 289,2 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 273,3 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,1%-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 2,2%-ға ұлғайды (2021 жылғы 1 маусымға – 267,4 миллиард теңге).
2021 жылғы маусым айында облыс банктерімен сомасы 18,0 миллиард теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2021 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 32,4% өсті.
2021 жылғы маусым айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 13,3%-ды құрады.
2021 жылғы маусымда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 99,8% құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 98,0 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы маусым айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2021 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 10,8% өсіп, 10 450,3 миллион теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 68,0 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы маусым айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 4 628,5 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 27,0% немесе 982,7 миллион теңгеге өсті.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 шілдеге 43,7 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы маусым айында сомасы 3 490,5 миллион теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 7,2%-ға төмендеді (2021 жылғы мамырда – 3 762,0 миллион теңге берілді). 2021 жылғы маусымда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 12,6% құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
2021 жылғы 1 шілде айына айналымдағы төлем карталарының саны жалпы облыс бойынша 1 315,0 мың бірлікті құрады (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,4% -ға азайды), бұл республикалық көлемнің 2,4% құрайды.
2021 жылғы маусым айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялар көлемі 132 357,5 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 14,6%-ға өсті). Транзакциялар саны 8 724,8 мың транзакцияны құрап, 7,0%-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 7,4% өсіп, 7 870,3 мың транзакцияны құрады, сомасы 15,2% өсті (мөлшері 82 472,2 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 3,6%-ға дейін өсті (транзакциялар саны 854,5 транзакцияны құрады), сомасы 13,5%-ға өсті (мөлшері 49 885,3 мың теңгені құрады).
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 8 782 POS-терминал, 414 банкомат, 5 765 кәсіпкер; 7 167 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар