Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қауынды қай кезде жеген дұрыс?.. - АРҚА АЖАРЫ

Қауынды қай кезде жеген дұрыс?..

Қазір нағыз қауын, қарбыздың маусымы. Кәдімгі дәмі тіл үйіретін қауынның жұмсақ іш жүргізетін әсері бар екені анықталған. Сондықтан, оны қай кезде жеген дұрыс екенін білгеніміз жөн.

«Қауын – калориясы төмен болғанына қарамастан, қорытылуы қиын өнім. 100 грамм өнімде шамамен 35 килокалория болады. Қауынды аш қарынға немесе басқа тағаммен, соның ішінде жеміс-жидекпен қосып жеуге болмайды – бұл газ немесе диарея тудыруы мүмкін», – дейді диетолог Ольга Кораблева.
Дәрігердің айтуынша, ең жақсы нұсқа – тамақтанғаннан кейін бір сағаттан соң жеген дұрыс екен. Қауынның жұмсақ іш жүргізуші қасиеті болғандықтан, оны ішектің жұмысында қандай да бір төмен көрсеткіштер болған жағдайда тұтынудың қажеті жоқ екен. Өйткені, өнім бұл проблемаларды ушықтыруы мүмкін, – деп ескертті маман.
Диетологтың айтуынша, егер гастрит, жедел панкреатит (ұйқы безінің қабынуы), холецистит (өт қабының қабынуы), асқазан жарасы өршуі байқалса, онда қауыннан бас тарқаныңыз жөн. Денсаулықты ойласаңыз, қауынды қай кезде жеуге болатынын да білгеніңіз абзал.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар