«Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы,
Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы?
Мейірімге зарықтырған заман-ай,
Заман- ай
Заман -ай
Туған жердің лайланды – тұнығы» деген- мұңды ән сазын біздің халқымыз әлі ұмыта қойған жоқ әрине. Себебі бұл ән ядролық қарудан зардап шеккен сан мыңдаған боздақтардың жан айқайы болатын. Кеңес үкіметі қырық жыл бойы қазақ жерін аса аыр зардаптарға соқтырған ядролық сынақ полигонына айналдырды. Қара халық қанша күрессе де, бас еркіндігі жоқ қазақ елі бұл бассыздыққа тосқауыл қоя алмады.
Тек еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген соң ғана Тұңғыш президентіміз Нұрсултан Назарбаев 1991 жылдың 29-тамызында өз жарлығымен ірі ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапты. Бұл ұзақ жылдарға созылған қоғамдық күрестің нәтижесі еді. Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов бастаған қоғам қайраткерлері қазақ жерін ядролық қарудан азат етуге аянбай еңбек етті. Нәтижесінде Қазақстан ядролық қарудан толық азат елге айналды.
Ресми деректерге сүйенсек сүйенер болсақ, 40жыл ішінде Қазақстан жерінде 490ядролық жарылыс жасалған. Мамандардың айтуы бойынша сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5мың есе асып түседі екен.
Сонымен қатар, ядролық жарылыстармен бірге Семей полигонында химиялық жарылғыш заттарды қолдану арқылы 175 жарылыс болды. Семейде болған 470 ядролық жарылыстың 118-і жер үстінде, 352 -сі жер астында өткізілді. Совет билігі 715 ядролық сынақтың 500іне дейін Қазақстанда жасады. Семей өңірінде тұратын халық еріксіз сынақтың тәжірибелік нысанына айналған.
Осындай деректерге қарап, Семей қасіретінің қандай екеніне оңай көз жеткізуге болады.
Иә, биылғы жылы Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл. Қазақстан ядролық қарудан толық азат, бейбітшілікті қолдаушы еркін ел. Сыртқы саясатта да сол бағытты ұстануда. Жыл сайын елімізде ядролық қаруға қарсы халықаралық конференциялар, жиындар, іс- шаралар өткізіліп тұрады, әлемдегі ядролық қарумен күресуші елдердің беделді мүшесіне айналды.
Дүние жүзіндегі елдер арасындағы бейбітшілікті сақтап қалуда ядролық қарусыз мемлекет атанудың маңызы зор. Ең бастысы, ұлтымыздың келешегін ойлау, ұрпағымыздың денсаулығын сақтау- өмірдегі барша міндеттерден де жауапы іс. Ядролық қаруға- жол бермеу баршамыздың ақ тілегіміз.
Целиноград ауданы
№ Қоянды орта мектебінің
Тарих пәнінің мұғалімі
Сандуғаш Зандыбайқызы