Мемлекеттік қызметтерді көрсетеміз

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы жер қойнауын пайдалану саласында бiрқатар мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi.

Олар «Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы тұжырымды беру», «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру», «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу», «Кен iздеушiлiкке арналған лицензияны беру».
«Болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы тұжырымды беру» мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмi – 9 жұмыс күнi. www.egov.kz «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда, тегiн көрсетiледi. Басқармаға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының қосымшасына (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 501 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша өтiнiм жолданады. Нәтижелер бойынша болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы тұжырым берiледi.
«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету мерзiмi – 9 жұмыс күнi. www.egov.kz «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда, тегiн көрсетiледi. Сондай-ақ, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының қосымшасына (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi №501 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша өтiнiм жолданады. Нәтижелер бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат берiледi.
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттiк қызметiн көрсету мерзiмi – 2 жұмыс күнi. «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда, тегiн көрсетiледi.
Өтiнiм мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының қосымшасына (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 521 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша берiледi. Нәтижелер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу туралы куәлiк берiледi.
«Кен iздеушiлiкке арналған лицензияны беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету мерзiмi – 7 жұмыс күнi. Қағаз түрiнде көрсетiледi. Кен iздеушiлiкке арналған лицензияны беру туралы өтiнiм стандартының қосымшасына (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша жолданады. Нәтижелер бойынша жер кен iздеушiлiкке арналған лицензия берiледi.
Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар