Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басқа елде қазақ атын шығарған есіл ер - АРҚА АЖАРЫ

Басқа елде қазақ атын шығарған есіл ер

Аманжол Қалықұлы айтқандай, туған елінің тілі мен діні, салт-дәстүрі сақталып қалсын, – деп Моңғолияның батысындағы аз ғана қазақтар үшін осы бағытты ұстанған Қабаңдарды қалай еске алсақ та көп емес. Бірі дейтініміз жеке аймақ болуын қалап кіріскендер аз болмады, бірегей дейтініміз нәтижесінде Моңғолияның батысындағы қазақтар мен басқа ұлт өкілдеріне арналған жеке аймақ орнап, тұңғыш аймақ әкімі болып Қаби Бәжіұлы тағайындалды. Қаби 1899 жылы Моңғолияның батысындағы Дайын өлкесінде дүниеге келген, мемлекет қайраткері. Өзінің туған өлкесінде партияның негізін салушылардың бірі. Еңбек жолы аса күрделі, малшы, ылаушы, застава көмекшісі, «шерстог» фирмасында жұмысшы бола жүріп өз бетімен хат таныған. Тарихи дерекке жүгінсек 1878 жылы орыс купесі сауда орнын балшықтан салып сыртын ағартқандықтан ақбалшық атанса, 1920 жылдың басында жүн жуу орны болған, осында жұмыс істеп жүріп орыс және моңғол тілін жақсы үйренген, 1922 жылы құрылған шеруші хошуун (уәлиет) бастығы Дәлелханның орынбасары, 1926 жылы уәлиет хатшысы. 1928 жылы Ақбалшықта алғашқы қазақ мектебін орнатуға ұсыныс жасап, 1929 жылы Аққолда партия ұйымын құруға қатысқан. 1930 жылы кәсіподақ ұйымның бастығы қатарлы сан-саналы жұмысты өзінің талпынысымен ынта-жігерімен абыройлы атқарып, 1930 жылы КУТВ-те оқып саяси қоғамдық жұмыстарға араласа бас-
тайды. Қобда аймақ әкімшілігінде нұсқаушы, 1932 жылы аймақ әкімі, 1934 жылы 1-орынбасары, мемлекеттің 8,9-құрылтайына қатысып Кіші Құрылтай (КҚ) мүшесіне сайланған. Осы КҚ-да арнайы қазақ аймағының мәселесін шешуге қаулы қабылдатады.
Ұлттық аймақ орнататын комиссия бастығына тағайындалып, комиссия Моңғолияның батысындағы қазақ, урианхай тағы басқа ұлт өкілдерінің арыз арманын үкіметке арнайы жеткізіп, 1940 жылы 7-шілдеде мемлекеттік 8-құрылтай шешімі бойынша қазақ урианхайды Қобда аймағынан бөліп жеке аймақ болдырады. Сол жылы маршал Х.Чойбалсан және үкімет басшысының орынбасары Ч.Сүрэнжав келіп жергілікті халықпен танысып қайтты. КҚ мүшесі Б.Қаби бастап, ішкі істер өкілі О.Қалқабай, КҚ мүшесі Тоқтамаса қатарлы комиссия келіп, Өлгийде әр түпкірден 84 өкіл қатысқан аймақтық Ұлы Құрылтай 19-20-тамыз күндері болып, Баян-Өлгий (Бай-бесік) аймағы орнап, аймақтың тұңғыш әкіміне Қаби Бәжіұлы сайланған.
Бұл жөнінде Сарай Асқанбайұлы: «Партияның 10-съезінен соң, мемлекеттік 8-Ұлы Құрылтайда партияның 10-съезінің бұл шешімін жүзеге асыру тұрғысынан ұлт азшылықтарынан құралған жерлерге жаңа аймақ орнату жөнінде шешім қабылдады. Онда: «Әсіресе қазақ, урианхай халықтарының тілегі бойынша оларды, Қобда аймағынан бөліп, қазақ урианхайлардың ұлттық аймағын бөлек орнату» жайлы шешім қабылдады. 1940 жылы тамыздың бас кезінде жергілікті әкімшілік сайлауы өтіп, бақ-сұмын әкімшіліктерін қайта құрды. Тамыздың 19-20 күндері аймақ еңбекшілерінің тұңғыш Құрылтайы болып, оған жергілікті Құрылдардан сайланған 84 өкіл қатысып, Ұлы Құрыл, Кіші Құрыл мүшелеріне 32 адам сайлап, аймақ әкімінің басқармасына 7 адам бекітті. Аймаққа Баян-Өлгий деп ат қоюды ұйғарды. Қазақ урианхай халықтары өз тілектеріне сай жаңа аймақ орнағандығына жүрек жарыла қуанып, партия мен үкіметке шын жүректерінен алғыстарын жолдады.
Аймақтың тұңғыш Ұлы Құрылтай қаулысында: МХРП Орталық Комитеті мен МХР үкіметіне және көсеміміз маршал Х.Чойбалсан сізге: МХР партиясы мен МХР үкіметі және ұлы көсеміміз маршал Чойбалсан сіздің инициативаңызбен Моңғолдың ең шалғай, батыс өлкесіндегі артта қалған, мешеу қазақ урианхай халқының шаруашылығы мен мәдениетін және бүкіл іс-қимылдарын тақау мерзім ішінде дамытуға барынша назар аударып, бөлек аймақ орнатып бергендеріңізге біз қазақ, урианхайдың бүкіл еңбекшілері шын жүректен шексіз қуаныш білдіреміз» деп жазады.
Баян-Өлгий аймағы бар салада қарқынды дамуға қол жеткізіп, аз жылдың ішінде алдыңғы аймақтың қатарына қосылды. Цэнгэл өлкесінің басынан сал арқылы ағаш әкелтіп, кеңселер салғызды. Осының бәрінде Қабидың еңбегі мол болды. 1942 жылдың аяғында аймақ басқару жұмысынан өз еркімен бас тартады. Ұйымдастыру қабілеті күшті іскер адамды Ұлан-Батырдағы арақ зауытының басшысына тағайындайды. «1943 жылы Шығыс Түркістанды азат ету ерікті партизандар тобын, төрт мыңдықты Қаби, Ноғай, Жеңісхан, Қалқабайлар бастап барған.
Топ жетекшісі Қаби болғанын, шайқаста Мұхамет, Семейхан қатарлы адамдар қаза болды, ерлікпен мерт болған Кәртеңбайға 1943 жылы генерал-губернатор И.Оспан, генерал-майор С.Дәлелхандардың жарлығымен халық қаһарманы атағы берілді. 1944 жылдың қараша айында Шығыс Түркістан үкіметі орнап 1946 жылы маусым айында құлады» деп жазады зерттеуші ғалым Шынай Рахметұлы. 1944 жылы аймақтық бас прокурор міндетін атқарып жүріп, 1950 жылы оқымаған адаммын елді оқыған азаматтар басқарсын деп, өз еркімен мал шаруашылығына ауысып, 1952 жылы озат малшылардың мәслихатына қатысқан. 1954 жылы Алтынцөгцде «Шинэ зам» (Жаңа жол) бірлестігін құруға ат салысып, 1955 жылы жұмыс бабында жүріп науқастанып, дүние салады. Өз аймағы үшін атқарған еңбегі үкіметте жоғары бағаланып, 1958 жылы Өлгий қаласындағы стадион ішіне тас мүсіннен ескерткіш қойылады. 2007 жылы музейдің алдына екінші ескерткіші орнатылды. Өз еңбегін өзі бағалай білетін, адуынды ешкімге мүләйсімейтін адам болса керек, Бумцэндге еңбек медалін сыйлағанда, «мұндай теңгені бізде әйелдер жаулығына тағады» деп алмай қойған, Чойбалсан естіп ол адамға Еңбек Қызыл Ту ордені лайық деп дереу ауыстыртып берген дейді. Еңбегі сіңген, аға буын өкілін еске алып көптеген адамдар өлең-жырларын арнапты, соның бірі Ақмола облысының тұрғыны Дәкейқажы Қабдырашұлының жыры:
Пүшекеңнің ұрпағы,
Бәйтеректің бұтағы.
Қырқыншы жыл дегенде,
Қабидың атты үртаңы.

Бәжі атаның баласы,
Кең дала, ой мен санасы.
Елден ерек танылды,
Ақыл ойдың данасы.

Көзге түсіп халқынан,
Алтындай сынық табылған.
Қаби сынды атамыз,
Суырылып шыққан ауылдан.

Қазақтың рухын көтерген,
Халқына бақыт әперген.
Дарынды басшы атанды,
Қазақ, урианхай екі елден.
Киіз үй болды кеңсесі,
Көтерілді еңсесі.
Қазақ аймақ атанды,
Бай-Өлгейдің кең төсі.

Қызу еңбек қайнатты,
Аймағымызды жайнатты.
Ел бірлігін орнатып,
Думандатып тойлатты.

Қазақтың атын шығарған,
Көрініп биік шынардан.
Абырой атақ қорғады,
Адалдық тағып мұнардан.

Халықтың алып батасын,
Қастерлеп іні атасын.
Болашаққа жол салды,
Ту қылып биік жотасын.

Қазақ аймақ он екі керей,
Тыва жұртын басқарған.
Салт-дәстүрін ардақтап,
Тіл мен дінге жақ болған.

Жұрттың ойын жаңалап,
Елдің жүгін арқалап,
Болмас жайды аңғарып,
Қырағылықпен сақ болған.

Ер тұлға Қаби атамыз,
Құлашы биік жотамыз.
Ерлігіңмен мақтанып,
Қуанышқа батамыз.

Алтын пышақ қап түбінде жатпаған,
Басқа ұлтта салт-дәстүрін сақтаған.
Қаби ата ерекше жан, жан жетпес,
Ел сенімін адалдықпен ақтаған.

Ел ішінен елдік құрған бөлініп,
Көп моңғолдан қазақ биік көрініп.
Мәселені көтермесе ол бастап,
Моңғол болып отырар-ек телініп.

Қазақ аймақ шықпағанда бөлініп,
Дәстүр мен тіл кетер еді желініп.
Жеке отау орда болу арқасы,
Мақтанамыз қазақпыз деп серпіліп.

Басшыларға ұсынысты қолдаған,
Қабыл алған тілек хатты жолдаған.
Қаби ата даналығы арқасы,
Аймағымызда еш сөкеттік болмаған.

Текті туған Бай-Өлгейдің қазағы,
Аз болған жоқ өткен күннің азабы.
Адал еңбек маңдай тердің арқасы,
Әсем қала бой көтерді ғажабы.

Сенім артты моңғол елі қазаққа,
Көзі жетіп көнбейтінін мазаққа.
Сенім артқан ел мақтаны атандық,
Сара жол сап өркениет жолаққа.

Қазақ аймақ іс атқарды ойдағы,
Берекемен бұзылмаған қаймағы.
Талай еңбек майталманы шығып кеп,
Басқалардан арта түсті салмағы.

Ел басқару еңбек сүйгіш басшыдан,
Үлгі алар келер ұрпақ жас бұдан.
Жаратқаннан жалбарынып тілейік,
Айырмасын көш бастайтын жақсыдан.
Осындай жырға арқау болған Қаби алғашқы зиялы қыздардың бірі Шәуен Мікешқызына үйленіп, ұрпағы өсіп өнген, үлкені Мүбәрәк дәрігер одан Еженхан, Еженханнан Бақыт, Күнтуған ұрпақтарымен Ақмола облысынының Атбасар ауданына қоныстаныпты. Қазақтың туын көтерген көп азаматтардың бірінің қысқаша тарихы осындай.
Әдебиет БАЙДОЛДАҰЛЫ.
Ерейментау ауданы,
Новомарковка ауылы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар