Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр - АРҚА АЖАРЫ

Эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдің ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина хабарлама жасады. Бүгінде Ақмола облысында COVID-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп тұр. Коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны тұрғысынан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, бір апта ғана «сары» аймақта болған өңіріміз қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа қайта ауысқан. Пандемия басталғалы бері облыста COVID-19-дан зертханалық жолмен расталған 43006 жағдай тіркелген.

Ағымдағы жылдың басынан бері COVID-19 қауіпті індетінен 35 759 жағдай тіркелді, өткен аптада, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, сырқаттанушылықтың 1,6 есеге өсуі байқалады. Бұл 357-ден 563 жағдайға, яғни, 206 жағдайға көбейген деген сөз. Осы қазан айында қауіпті індетпен аурушаңдықтың жоғары көрсеткіштері байқалуда. Тарқата айтсақ, 193 жағдай Көкшетау қаласында, 131-і Бурабай ауданында, 83-і Степногорск қаласында, 34-і Аршалы, 28-і Бұланды ауданында тіркеліп отыр. Коронавируспен аурудың жас құрылымына қарай ең үлкен көрсеткіш 60 жастан асқандар арасында 25 пайыз, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 16,1 пайыз. 50-59 жастағыларда 15,5 пайыз, 40-49 және 30-39 жастағыларда 13,3 пайыз, 19 бен 29 жастағыларда 10,8 пайыз, 15-18 жас аралығындағыларда 6,1 пайызды құрап отыр.
Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 110 науқас тіркелген. Сол науқастардың ішінде 94 жағдай симптомды болса, 16 жағдай симптомсыз, деседе қауіпті індетті тасымалдаушылар. Нәтижесінде, тәулігіне 0,3 пайызға өскені алаңдатады. Хабарламашының айтуынша, бүгінгі таңда 474 адам COVID-19 пандемиясымен емделіп жатса, реанимация төсегінде 47 науқас жатыр. Ал, енді білім беру объектілері бойынша аурушаңдыққа тоқталар болсақ, білім беру ұйымдарында оқытудың дәстүрлі форматы қайта жаңғыртылғанда, оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын тіркеу сақталуда. Сонымен, оқу жылының басында орта білім беру ұйымдарында 584 жағдай тіркелсе, оның ішінде 173 жағдай оқу процесінің басталуымен байланысты болмаған. Өткен тәулікте мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясының 14 жағдайы тіркеліп үлгергені, өкінішті-ақ. 48 білім беру ұйымында коронавирустық инфекцияның тіркелуіне байланысты 65 сынып қашықтықтан оқытуға ауыстырылған. Мұғалімдер арасында оқу жылының басынан 142 коронавируспен ауырғандар тіркелген. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында 480 жағдай тіркелсе, күніне 1 жағдайдан келіп отыр.
Бүгінгі күні коронавирустық инфекция мен тұмауға қарсы вакцинация салуда Ақмола облысы коронавирусқа қарсы 3 вакцинаға қол жеткізуді қамтамасыз етіп отыр. Олар, Sputnik V, Синофарм, QazVac. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бо-
йынша ағымдағы жылдың IV тоқсанында Файзер вакцинасын жеткізу күтілуде. Сондай-ақ, отандық вакцина тиімділігі жағынан шетелдік аналогтардан кем түспейді екен. Вакцинация науқаны басталғалы бері облыста вакцинаның бірінші компонентінің 350 650 дозасы алынса, бүгінде 287 973 адам вакцинаның бірінші компонентімен вакцинацияланған. Ал, екінші компонентімен 323 425 дозасы алынып, облыстың 261025 тұрғыны вакцинацияланған.
Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдісі. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың кем дегенде 60 пайызын қамту қажет, содан кейін шектеу шараларын толығымен алып тастау туралы айтуға болады. Облыста 287425 вакцинация алған адамдардан тек 129-ы ауруханаға жатқызылған, бұл егілгендердің жалпы санының 0,04 пайызын құрайды екен. Жалпы, вакцинацияланған науқастардың 40 пайызында инкубациялық кезеңде болған және олар қауіпті індетті жұқтырған. Сондықтан, санитарлық режимді қатаң сақтаған дұрыс.
Жыл сайынғы тұмауға қарсы екпе науқаны ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде басталды. Бюджеттік қаражат есебінен Ресейде шығарылған «Grippol Plus» вакцинасының 87 961 дозасы сатып алынды. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың кем дегенде 10 пайызын қамту қажет. Бүгінгі күні 37 882 адамға тұмауға қарсы вакцина салынса, бұл халықтың жалпы санының 43,2 пайызын құрайды. Ең алдымен, тәуекел тобы вакцинацияланады, бұл медициналық қызметкерлер, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарттар үйінің контингенті, эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты жұқтыру қаупі жоғары адамдар. Тұмауға қарсы және Sputnik V вакцинациясы арасындағы интервал 4 апта, басқа коронавирусқа қарсы вакциналары үшін 2 апта болуы керек.
«Ashyq» жобасы аясында облыста 4527 объект осы платформаның мүшелері болып табылады. «Ashyq» платформасының 212 қатысушысы бұл саналы түрде сезінбегендіктен жоба құрамынан шығарылған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың сәуір айынан бері біздің облыс азаматтарының санитарлық-карантиндік режимді бұзуының 1959 фактісі анықталған. Оның ішінде 1452 адам «қызыл» және 507-сі «сары» статуспен тіркелушілер екен. Сөйтіп, «қызыл» мәртебесі бар адамдарға 23 миллион теңге сомасында 473 айыппұл салынған.
Бақылау топтарының қызметіне келсек, жыл басынан бері мониторингтік топтар 28944 объектіні карантиндік шаралардың сақталуы бойынша тексерген. Нәтижесінде 624 бұзушылық анықталған. Ағымдағы айда 468 объектіге мониторинг жүргізіліп, карантиндік шараларды бұзудың 17 фактісі белгілі болған.
Жалпы, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке тұлғаларға қатысты карантиндік шараларды бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылып, 864 миллион теңгеге 654 айыппұл салынып, 16 материал әкімшілік соттардың қарауына жіберілген. 27 қыркүйектен бастап «Ashyq» «қауіпсіз» мәртебесі бар келушілердің қатысуымен отбасылық салтанатты шаралар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойларды өткізуге рұқсат етілген болатын. Яғни, 50 пайызға дейін, 50 орыннан аспайтын. Бұл тұрғыдағы тиісті шешімді COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдаған. Алайда, бұл шешімді облыс кәсіпкерлері мен тұрғындарының бәрі бірдей орындамаған. Сонымен, өткен демалыс күндері Целиноград облысының мониторингтік тобы рұқсат етілген мөлшерден асатын 3 жаппай оқиғаны анықтаған. Қосшы қаласындағы «Аружан плаза» мейрамханасында 160 адам қатысқан үйлену тойы өткен. «Баянды» мейрамханасында тағы 150 адамға арналған тойдың өтуі де санитарлық режимге қайшы келіп отыр. Банкеттер өткізу кезінде де «Ashyq» платформасына қатысушылар жұмыс кестесін бұзған. Ал, сол аймақтағы Қоянды ауылында «Ashyq» тобына кірмейтін «Алаш» мейрамханасында 100 мейманның қатысуымен той өткен. Атбасар өңіріндегі «Дарина» мейрамханасында 70 мейманмен туған күн кеші атап өтілген. Міне, мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бір өкініштісі, қонақ күтуші де, қонаққа барушы да өз денсаулығын да, балалары мен туыстарының амандығын ойламауы алаңдатады. Карантинді бұзушылардың тізімін Көкшетау қаласы, Бурабай және Астрахан аудандарындағы, маска режимі сақталмаған нысандармен, мекеме қызметкерлері және жұмыс кестесін бұзғандар толықтырды. Жалпы, соңғы бір апта ішінде 327 объектіге мониторинг жүргізіліп, оның ішінде карантиндік шараларды бұзудың 16 фактісі анықталған.
Хабарламашының ескертуінше, тұрғындарға барлық шектеу шараларын сақтауды, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салуды сақтауды ұсынады. Яғни, облыс тұрғындарын карантиндік шараларды сақтауға, жұқтыру қаупін азайту үшін адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға, маска кию режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, қолды жиі жуып, антисептикті үнемі пайдалануға шақыра отырып, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін карантиндік шараларды сақтаудың маңыздылығын баса айтады. Сондықтан, өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдай санитарлық карантиндік шараларды сақтауға тікелей байланысты екенін естен шығармағанымыз жөн.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар