Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ипотека алған қазақстандықтар саны 2 есеге өсті - АРҚА АЖАРЫ

Ипотека алған қазақстандықтар саны 2 есеге өсті

2021 жылдың 8 айында ипотека бойынша 1,2 трлн теңгенің 97,2 мыңнан астам келісімшарты ресімделді. Бұл былтырғыдан 2 есе көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бірінші кредит бюросына сілтеме жасап.
«2021 жылы ипотекалық несие беру екі есеге артты. 8 ай ішінде Қазақстанда жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге жуық 97,2 мыңнан астам келісімшарт ресімделді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көп. Берілген кредиттер саны 62%, ал олардың көлемі 2 еседен астам өсті.
Қазақстандықтар көбінесе бір ипотеканы өтей салып, екіншісін алады. Биыл 4,1 мыңнан астам адам осындай ипотека рәсімдеген», — делінген бюро хабарламасында. Сарапшылар 2021 жылдың 8 айындағы қорытынды бойынша сатып алу-сату мәмілелерінің саны 370 мыңнан асқанын айтады.
Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе көп. «Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндігі пайда болғаны серпін бергені анық. 7 ай ішінде БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін алушылардың шоттарына 1,76 трлн теңге аударылды.
Бұл соманың шамамен 70%-ы тұрғын үй сатып алу кезінде толық есептеуге бағытталған. 10%-дан астамы ипотекалық қарыз алу үшін пайдаланылған», — деп жазады талдау орталығы. Талдауға сүйенсек, кейінгі 12 айда мерзімі өткен ипотекалық несиенің көлемі 310,5 млрд теңгеден 216,5 млрд теңгеге дейін азайған.

дЕРЕККӨЗ: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар