ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 20 қазан күні cағат 07:04-те жер сілкінісін тіркеді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 58 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. «Энергетикалық класы – 9.3. MPV магнитудасы — 4.0. Жер сілкінісі эпицентрінің бағыты — 42.92° с.е. 77.52° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезінушілік туралы мәліметтер жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Дереккөз: www.inform.kz
Дереккөз: www.inform.kz