Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаттық жолы азапты болған... - АРҚА АЖАРЫ

Азаттық жолы азапты болған…

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы ел егемендігінің 30-жылдығы қарсаңында жариялануының өзіндік мәні бар.   Осыдан тура 30-жыл бұрын, бүрынғы бір тұтас мемлекет ССРО одағы тарап, оның құрамындағы барлық 15-одақтас Республикалар жеке , дербес мемлекет болып, бөлініп шықты.  1990жылы 25-қазанда «Мемлекеттік Егемендік туралы декларация» қабылданды. Ол  Қазақ КСРО Жоғарғы кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Бұл күн 2009жылға дейін Республика күні болып мемлекеттік мереке болып келді.

Декларацияда Қазақ ССР-ының мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Декларацияда Қазақ ССР ың маңызды міндеттерінің бірі, ұлттық мемлекетті қорғау және нығайту  қазақ тілін дамыту,  қазақ ұлтының қадір қасиетін сақтап,   және басқада этнос өкілдерінің төл мәдениетін, нығайту,  ел шекарасының бір тұтастығы жарияланған болатын. Ел аумағының тұтастығы ,оған қол сұғылмайтындығы айтылды.

Ол егеменді қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру процесінің басталуын белгіледі  және ұлттық заңнаманы құрудың негізі болды.  Президент-Республика басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушы  биліктің иесі болып танылды. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздіге туралы»  Конституциялық Заң қабылданды. Осылай, 16-шы желтоқсанда ел президентінің жарлығымен, депуттаттардың қолдауымен Егемендік жарияланды.

Елбасының сөзімен айтсақ: «Біз Тәуелсіздіктің отыз жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Қуатты елге айналып, бірлігі бекем қоғам құрдық». Сындарлы саясат жүргізіп, әлеуеті зор нарықтық экономикалық жүйе қалыптастырдық. Ең бастысы»-деп түйеді Елбасы-«бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізіп,елдігіміз қайта жаңғырды» -деп түйіндейді Елбасы. Өз қолымен өзі орнатқан мемлекет жәйлі, оған бүгінгі күн төрінен баға беру, Н.Ә. Назарбаевқа әбден лайық. Бұл үндеудің ерекшелігі осымен қоса, негізінен бүгінгі жас ұрпаққа арналуы. Ол заңды да. Егемендіктің еркін туын қолда мықты ұстап, келер ұрпаққа жеткізетін бүгінгі  тәуелсіздіктің құрдастары.

Елбасы: «Бірінші. Тәуелсіздік- кез келген азамат үшін ең қастерлі ұғым»-деп жазады.  Шын мәнінде  Егемендік оңай келген жоқ..Қазақ халқы талай тар жол, тайғақ кешуді басынан кешірді. Егемендік жолында мыңдаған ұлттың азаматтары қаза болды, азапқа ұшырады, көп қан төгілді. Жер жерде азап, яғни Концентрациялық  түрмелер, лагерьлер болды. Онда сол кездегі қызыл империямен оның саясатымен, келіспегендер қамалды. «Халық жауы» деген ойлап табылды. Соның нәтижесінде, миллиондаған жазықсыз жандар, ерлер, әйелдер, тұтқындалып, атылды, азапталды.  Бала анасынан, ана баладан айырылды. Тек қана Қазақстанда 1930-1938жж 780-мың адам тұтқындалып, оның 25-мыңы жазықсыз атылды. Қазақ халқы қайғымен қан жұтып, тоз-тоз боп жан сауғалап, дүниенің төрт бұрышына тарап кетті. Күні бүгінге дейін зар заманның ащы даусы құлақ жарғандай әліде естіліп тұрғандай.   Кезінде   Жұбан Молдағалиев:

 «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімен түн түрілген.

Жерімізде жау қолы жосығанда,

Тура айтуға тірі тіл шошығанда.

Жалғыз дауыс-домбыра емес пе еді,

Қарсы барған қан ішер, Жошы ханға?

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен-бұл кезде Шоқанмын, Абайлармын

Оң-солымды туды енді абайлар  күн.

Жүргенімде жүдеткен түнде езіле,

Дүр сілкініп дүмпуіл тиді өзіме.

Ұлы аралдай жер мұхит астындағы

Қалқып шықтым түнектен күн көзіне…» деп

Қазақ халқының мұңын өлең жолдарымен білдірген болатын. Ұлтты орыстандыру, бір-біріне айдап салып, араздастыру еретеден келе жатқан патша үкіметінің  зұлмат саясаты болды.    Мәселен, Ресейдің әйел патшайымы 2-Екатерина, Орынбор генерал–губернаторына жолдаған нұсқау бұйрығында:

 «1. Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларына араз етіп, бірімен-бірін қас етіп,бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз.

  1. Сұлтандарын бірімен-бірін араз қылып, бірімен-бірін иттей тартыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп қылардай іс қылыңыз.

3 . Қырғыз-қазақтың басшы адамдарын сұлтандарымен араз қылып, сұлтандарын өз қол астындағы ақсақал адмдармен араз қылыңыз. Арасына от түскен уақытта жанып кетердей көкір-сөкір даярлай беріңіз»-деп сол кезге тән сұрқия саясат жүргізеді. Соның нәтижесінде Қазақ халқы өзінің арыстарымен ұлт зиялыларынан айрылып, қара жамылды. С, Сейфуллин, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, М. Жұмабаев, басқада мыңдаған ұлдарымен қыздарынан айрылғаны белгілі. Қызыл империяның құрбандары болған.   империяның құрбандары болған. Бұларды жазықсыыз айыптап көздерін құртты. Яғни ұлттың бетке ұстар, бас көтеретіндерінің көзін жою керек болды.   Мыңдаған қазақ шет елге жан сауғалап кетті, қашты, Қазір солардың ұрпақтары кейбііреулері оралман болып келіп жатыр.  Халық осы күнді ғасырлар бойы аңсады, жылады, жырлады.

Сондықтанда, Егемендіктің орны қымбатта қасиетті. Бұл Қазақ халқының көз жасымен қасіретімен келген бақыт. Осы себептенде Тәуелсіздікті мәңгілік сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, әрине бүгінгі жас буынның міндеті. «Сондықтан жас ұрпақ ел игілігі үшін әрдайым еңбек етуге дайын болуы қажет»-деп түйіндейді елбасы.

Елбасының екінші үндеуі ол: «Бірлік пен келісім-елдігіміздің мызғымас тұғыры». Шын мәнінде тек бірлігі мықыты ел ғана  тұғырлы,мықты, экономикалық, мәдени сауатты ел болмақ. «Алтау араз болса, ауыздағы кетеді»-деп тегін айтылған жоқ. «Этникалық әралуандылық-біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы»-дейді елбасы. Шын мәнінде де талай ұлттың басына ауыр қасіреттер түскенде Қазақ халқы қолындағы соңғыысын аузынан жырып, келгендерге б  бөліп берген.Бүгіндері де 130-ға жуық  әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп отыр. Бұлда болса елбасының сындарлы саясатының бір көрінісі. Мақсат осы еліміздегі тұрақтылықпен достықты жылдар бойы сақтау.

Үшінші . Жер –ата-баба мұрасы, халық қазынасы. «Жерден қасиетті ешнәрсе жоқ… Қазақ үшін ел мен жер –тұтас ұғым». Шын мәнінде қазақ халқы қасиетті жерге қанын төгіп, жанын аямай сол жолда қаза болсада, бүгінгі ел территориясын аман сау қорғап, ұрпағына жеткізіп берді. Жер жерде болып жатқан соғыстар ұлтарақтай жер үшін болуда. Қанша халық бүгіндері елсіз, жерсіз қаңғырып жүр. Қанша мемлекет біздің жерге аш қасқырдай көз тігіп отырғаныда өтірік емес. Ендеше сол бірлікпен татулықты ту етіп, Қазақ халқы бабалар аманат етіп кеткен осы қасиетті жерді келер ұрпаққа жеткізу олда бүгінгі жастардың міндеті. Ал, мемелекеттің тұрақты болуы ол, әрине «кіші мемлекет», яғни отбасылық құндылықтарғада байланысты.

Бұл туралы Н.Назарбаев  өзінің төртінші үндеуінде «От басы мен салт дәстүр-қоғамның алтын діңгегі дей келе: «Отанға деген сүйіспеншәләк -өз отбасыңа, ауыл, аймағыңа байланысты.

Еліңе деген махаббат пен жанашырлықтан басталады… Отбасы- ұрпқ тәрбиесінің ұстаханасы, қоғамдық қатынастардың бастауы саналатын бірыңғай институт»-деп болашақ жастарға ескертуде жасайды. Бұл орынды ақыл. Өкінішке қарай отбасылық тұрмысқа жеңіл желпі қараушылық біздің қоғамда да жоқ емес. Үйлене сала айрылып, сәбилерін жылатып, не балалар үйіне тапсырып жатқандар кездеседі. Ал, бұл өз кезегінде мемлекетің тұрақтылығынада  өз кесерін тигізетіні анық Сондықтанда  жастар елбасының осы ағалық кеңесңнеде құлақ салғандары дұрыс.Әрине, тек экономика емес, сонымен қатар 30-елдің қатарына ену үшін, халықтың сауатты, әрі мәдениетті болуы шарт.

Бұл туралы да ел басы бесінші «Ұлттық мәдениет-халықтың рухани тірегі» деп атап:  «Біз тамыры тереңнен бастау алатын ұлы көшпенділердің ұрпағымыз. Болмысы ерекше, рухани, мәдени мұраларға бай халықпыз»-дейді. Өте шынайы берілген анықтама, баға. Қазақ халқы бағзы заманнан бері қолынан қобызы, аузынан әні түспеген, бал тамған тілінен дұшпан қорыққан… Домбырасымен жерұйықты шарлап жүріп, жырына қосқан бабаларымыздың мәдени байлығын аман сақтап қалу олда жастардың парызы. Өкінішке орай бүйрегі басқа мәдениетке бұрып тұратын жастарда жоқ емес. Ендеше, ұстаздар мен оқытушылар жастар бойына осы мәдени құндылықтарды сіңіру осы кісілердіңде парызы.

Білм мен еңбек-бақуатты өмірдің кілті. Жалпы, Қазақ хадқы ол заманнан бері білмге құштар, өнерге бейім халық..кешегі өткен бабаларымыз, Абай болсын, Әл-Фараби, Ыбырай, Мағжандар болсын ұрпағын оқу білімге үндеп, тек білім ғана бақытқа жеткізетінін айтып кеткен.

Ел басы: «табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде»-деп Абай бабамыздың айтқандарын мысалға келтіре отырып, «осыны жастардың санасына сіңіру керек» екендігін тағы бір ескертеді. «Қазір елімізде жастардың өзін-өзі дамытуына, білімін жетілдіріп, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік мол……прагматизм принціптері бойынша  барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамда болып, уақытты орынды пайдалануға талпынған жөн» -деп жастарға ағалық ақылын айтқан.  Жасыратыны жоқ, көптеген жастарымызда әліде болса прагматизм жетпей жатады. Көрсе қызарлық, қысқасы Абай атамыздың қазақ халқын сынаған сындары басымызда әлі бар. Осына көріп отырған Елбасы  егемендікті, елдің тәуелсіздігін аман сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің бір жолы, осы жастардың қолында екенін айтып отыр.

Осы тұрғыдан келгенде еліміздегі Жоғарғы оқу орындарыныңда жастарға біоім мен тәрбие беруде міндеттері терең болуға тиіс. Сапалы білм мен саналы тәрбие беру заманауи оқыту оқу орындарының тәуелсіздікке қосатын үлесі болмақ. Осы орайда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің алатын орны ерекше дер едім. Заманауй тұрғыдан  жақсы жабдықталған оқу кабинеттері, техникалық оқыту, саналы тәрбие жұмыстары жастарға терең білім беріп келеді. Сондықтанда болар бұл университетке жылдан жылға келіп түсушілердің саны ұлғаюда. Бұл өз кезегінде Тәуелсізліиің тұғырының мықты болуына өз себебін тигізері анық.. Ел басы: «Рухымызды қайрап, еңсемізді тіктеп, бұданда биік асуларға жету үшін және Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында тынбай жұмыс істеуге тиіспіз! Біз кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, жеңіске бірге жетеміз» -деп түйіндейді өз ойын Елбасы. «…Осылайша біз Тәуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін насихаттап,терең біліммен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз. Елдіктің жеті тұғыры дегеніміз-осы» деп ойын түйіндеген Н.Ә Назарбаев.

Сабыр Тәлиұлы Сеңкібаев,

                                                 педагогика ғылымдарының     кандидаты,  Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік –педагогикалық кафедрасының профессоры

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар