Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
35 градус аяз: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады - АРҚА АЖАРЫ

35 градус аяз: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Аймақ кең антициклонның ықпалында болады. Солайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде — 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында — 35 градус аязға дейін төмендейді.
Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды. Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығысқа қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ ала келеді. Желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. 11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін суытады.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар