Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әркімге ой салатын құнды мақала - АРҚА АЖАРЫ

Әркімге ой салатын құнды мақала

немесе өткенге – салауат, болашаққа – үміт

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық торқалы тойы қарсаңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарық көрді. Мақаланың тақырыбынан-ақ, оның маңыздылығы мен келер ұрпаққа ұлағат боларын аңғаруға болады.  Ұлт көшбасшысы онда бір ғасырға сыйып кететін ұлы қозғалыс, ізгі істердің ауқымын қамтып, оқырманды терең ойларға жетелейді, ерекше әсерге кенелтеді.

Елбасы жазған мақаланың әрбір сөйлемін көз алдыма елестетіп, сарап шығып, көптеген оқиғалар көз алдыма келді. Тәуелсіздік алған сәттегі Президенттің сөйлеген сөздері, қабылдаған шешімдері туралы оқығанда, «иә, солай болып еді-ау» деп, соларға куә болғанымды, тіпті кейбіріне жергілікті деңгейде өзім де қатынасу мүмкіндігіне ие болғанымды сезінгенде шүкіршілік етіп, тәубе дедім.

Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті жаңа дәуірдегі жаңа мемлекеттің іргетасын қалап, шаңырағын көтеріп, ішкі-сыртқы саясаты мен салтанатын қалыптастыруға маңдай терін төккен жан. Сондықтан, Тәуелсіздік жылдарынан сабақ болатын мақаласын оқуға ықыласым өте жоғары, қызығушылығым орасан болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекет құру ісін, елдегі саяси-қоғамдық, ресми кездесулер мен келіссөздерді, саяси халықаралық өте жоғары дәрежедегі тарихи оқиғаларды өте түсінікті етіп баяндап жазған. Мәселен, тәуелсіздігімізге дейінгі бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болып, бүкіл тыныс-тіршілігіміз түгелдей Мәскеуге, Орталық билікке бағынышты болған заманды көрдік. Оны да бүгінгі жастар білуі тиіс. Міне, сол жылдар бәрімізге сабақ, тағылым болсын деп жазған болар Елбасымыз. Сондықтан, көп жағдайда екі дәуір мүмкіндігін салыстырып сөйлесек қана, тәуелсіздігіміздің қаншалықты құнды екеніне көз жеткізе аламыз. Әсіресе, жас ұрпақ тәуелсіздік қадірін тереңірек түсініп, көзінің қарашығындай сақтауы үшін біздер өткен тарихымызға тағзым етіп, оларға бағыт-бағдар, үлгі-өнеге көрсетуіміз керек. Себебі, сол жылдардың аласапыран оқиғалары біз үшін ащы да маңызды сабақ болды. Өз заманындағы құдіретті державаның күрт құлдырауының себептерін түсінген және кеңестік басшылықтың тактикалық қателіктерін талдаған біз КСРО-да болған оқиғалардан маңызды сабақ алдық. Сол сабақтар Қазақстаннан шыққан көптеген қиындықтарды жеңуімізге көмектесті.

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында болашаққа да бағдар жасайды. Жаһандық технологияландыру нәтижесінде қазірдің өзінде ақпараттық технология, робот техникасы, синтетикалық биология, бионика, нанотехнология, жасанды интеллект саласында бұрын санаға да сыймайтын революциялық өзгерістер орын алып жатқанын алға тартып, жастарды заман талабына жауап беретін мамандықтарды игеруге шақырады.

«Біз тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткізсек те, оған барар жолда бабалар қаны аз төгілген жоқ. Тәуелсіздік сол киелі қанның өтеуі еді. Мен мұның бәрін біз сенген, тәрбиелеген бүгінгі жас ұрпақ білсін, санасына сіңірсін деп әдейі жазып отырмын»,–деп қорытындылады Елбасы өзінің мақаласын.

30 жыл. Адамзат тарихы үшін қас-қағым сәт, ал тәуелсіз Қазақстан үшін бұл – үлкен белес. Тәуелсіздікті бағалау бар, құрметтеу ләзім. Ендеше, мәңгілік ел боламыз десек, өткен тарихымызды ұмытпай, одан тағылымы мол сабақ ала білейік, ағайын!

Ғалым БЕКМАҒАМБЕТОВ,
«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар