Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Спутник-Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілді - АРҚА АЖАРЫ

«Спутник-Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілді

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында COVID-19-ға қарсы Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» қоймасына «Sputnik Light» вакцинасының 150 мың дозасы келіп түскен.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қарағанды фармацевтикалық кешені ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне гуманитарлық көмек ретінде «Sputnik Light» вакцинасын тегін тарту етті. Бірыңғай дистрибьюторға келіп түскен вакциналар партиясы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес елдің барлық өңірлеріне жедел жөнелтілетін болады. Бұл ел азаматтарының коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуы үшін қолжетімді болады.

«Sputnik Light» – бұл қайта вакцинациялау үшін қолданылатын бір компонентті вакцина. «Sputnik Light» вакцинасы Н.Ф.Гамалеи атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы және Ресейдің тікелей инвестиция қорымен бірігіп жасалған.

«Sputnik Light» вакцинасы Ресейде 2021 жылдың мамырында тіркелген. Бұл препарат «Sputnik V» бірінші компоненті болып табылады. Ресейлік тікелей инвестиция қорының мәліметі бойынша, препараттың тиімділігі 79,4 пайызды құрайды. Бұл вакцинаның қауіпсіздігі бірқатар елдердегі нақты вакцинация деректерімен расталған. Оның ішінде БАӘ, Бахрейн, Аргентина, Ресей, Мексика, Сербия, Сан-Марино, Филиппин, Ливия, Парагвай, Венгрия, Әзірбайжан және Беларусь елдері бар. Сондай-ақ, жетекші халықаралық ғылыми журналдарда 20-дан астам жарияланымдар бар.

Вакцинаның сапасын өндірушіден бастап медициналық ұйымдарға дейін қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор суық тізбектің тиімді мониторингін жүргізеді. Мұздатылған препарат түріндегі «Sputnik Light» вакцинасын жарықтан қорғалған жерде, минус 18°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Жалпы, еліміз бойынша халықты вакцинациялау үшін «QazVac», «Sputnik V», «Hayat-Vax», «СoronaVac», «Sinopharm», «Comirnaty Pfizer / BioNTech» вакциналары қолданылатын болады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар