ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобалардыіске асыру конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

2022 жылғы 31 наурызда үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталады.

Осыған орай, мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы, заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында құрылған үкіметтік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiне (оқшауланған бөлiмшелерi) уақытылы, соңғы күндерге қалдырмайinfonpo.kzсайтында есеп берудің электронды нұсқасын толтыру ұсынылады.

ҮЕҰ дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынудың баламалы тәсілі есеп берудің қағаз нұсқасын толтыру болып табылады. Есептің қағаз нұсқасын электрондық форманың CD-дискте немесе флэш-жинақтауышта қосымшасымен қоса қоғамдық даму және ақпарат министрлігінің мекен-жайына үстіміздегі жылдың 31 наурызына дейін жолдау қажет.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы өткізбегені үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар