ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС 25 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 04:41-де жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 322 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.9; магнитудасы – 4.6. Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.
Еске сала кетейік, 24 ақпан күні Алматы қаласынан 572 шақырым қашықтықта жер сілкінді.