Ақмолалық оқушылар «Ақ шағала» байқауында өнер көрсетті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында хореографиялық ұжымдар арасында «Ақ шағала» облыстық қашықтық байқауы өтті.

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

Іс-шара білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыруға ықпал етеді.

Байқауға Ақмола облысының 11 ауданы мен 2 қаласынан 17 би ұжымы қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 144 оқушыны құрады.
Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын –Қорғалжын ауданы, Қорғалжын а. мектеп-гимназиясы, «Інжу» би тобы;
2 орын – Бурабай ауданы, «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Роммакс» би ұжымы;
3 орын – Жақсы ауданы, № 2 ЖОББМ, «Diamond girls» би ұжымы.
3 орын – Көкшетау қ. Bolashaq saraiy, «Diamond» би ұжымы.

Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, ал олардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар