Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Кітап оқитын мектеп» республикалық жобасын іске асыру аясында «Жақсы кітап — жан азығы» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Іс-шара оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға, оқушылардың рухани және зияткерлік дамуының өсуіне ықпал етеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға ұсынылған материалдарда жақсы білімі көрсетілген және әлемге деген ғылыми көзқарасы бар дарынды оқушылардың шығармашылық жұмыстары жинақталған. Жас дарындардың әр шығармасында өз Отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизм сезімі бар.
Сырттай конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған келесі командалар анықталды:
Гран-при иегері Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебі. Топтың шығармашылық жұмысы үздік кітап деп танылды.
1 орынды үш команда бөлісті: Көкшетау қаласының №18 мектеп-лицейі, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі, Ақкөл ауданы Саздыбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.
2 орынды үш команда бөлісті: Қорғалжын ауданы Жұмай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, Степногорск қ. Бестөбе кентінің жалпы орта білім беретін мектебі, Аршалы ауданы Ж. Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.
3 орынды Сандықтау ауданы Балкашино ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі, Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Жақсы ауданы Ишимское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің командалары бөлісті.
Облыстық конкурстың жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сертификаттармен, қатысушылары сертификаттарымен марапатталады.