Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан ғалымдары сүйекті қалпына келтіретін биоматериал әзірледі - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан ғалымдары сүйекті қалпына келтіретін биоматериал әзірледі

  — Қазақстан ғалымдары сүйектерді қалпына келтіруге арналған биоматериал-гидроксиапатит әзірледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Білім және ғылым министрлігінің Жану проблемалары институтының ғалымдары жасап шығарған сүйекті алмастыратын материал шетелдік аналогтардан үш есе арзан. Бүгінде отандық компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алған.
Бұл материал сүйек ақауларын қалпына келтіруде, сүйек зақымдалған жараларда, сынықтарда, пластикалық хирургияда, яғни бет сүйектерінің пластикалық хирургиясында және тістерді имплантациялауда қолданылады. «Биологиялық шикізаттан гидроксиапатит термиялық өңдеу, күйдіру, арнайы химиялық реакциялар жүргізу және посттермиялық күйдіру арқылы алынады.
Біздің модификация барлық әдісті алуды жақсарту арқылы уақытты ұлғайту есебінен, жоғары температура режимін таңдау және тағы басқасының есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде біз жақсартылған кристалдық құрылымы және өнімнің тазалығы жоғары (95%) сапалы материал алдық. Шетелдік компаниялар осындай жоғары сапалы ИАӨ-нің (икемді автоматтандырылған өндіріс) 1 грамын шамамен 32 мың теңгеге сатады.
Ал біздің материалдың бағасы 1 грамы үшін 10 мың теңге», – дейді ҚР БҒМ Жану мәселелері институтының ғалымы Зұлқайыр Мансұров. Қазір химия ғылымдарының докторы, профессор З.А. Мансұров медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚазМҮББУ стоматология кафедрасының профессоры М.А. Темірбаевпен бірлесіп алынған минералды іс жүзінде қолдану жұмыстарын жалғастырып жатыр.
«Гидроксиапатитпен қапталған имплантаттар кері реакция тудырмайды және сау сүйек тінімен белсенді түрде байланысып, регенерация мен оңалту процесін жеделдету қабілетіне ие екенін атап өткен жөн. Біздің отандық жоғары сапалы гидроксиопатит импорттық материалдарды оңай алмастыра алады», — деп түсіндірді Зұлқайыр Мансұров.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша ҚР БҒМ КОКСОН және Scopus индекстелген деректер қорында ғылыми жұмыстар жарияланды. Бұл зерттеу жұмысының сенімділігі мен өзектілігін көрсетеді. Ғылыми жұмыс ҚР БҒМ-ның гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылған. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар