Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалардың құлақ мүкістігінің ерте алдын алған жөн - АРҚА АЖАРЫ

Балалардың құлақ мүкістігінің ерте алдын алған жөн

Әлемнің барлық елдерінде жыл сайын есту мүшесінің патологиясы бар мыңдаған бала дүниеге келеді. Патологияның себебін дер уақында анықтап қана, оның алдын-алу және емдеу жолдарын нақты белгілеуге болады.

Есту патологиясын тудыратын немесе оның дамуына әсер ететін себептер әдетте 3 топқа бөлінеді.Алғашқытоп –туа бітті құлақ мүкістігі, бұл тұқым қуалаушылық арқылы беріледі. Екінші топ – балаларда бұл кемістік анасының жүкті кезінде жұқпалы ауруларға шалдығуы салдарынан пайда болады. Мәселен, анасы жүкті кезінде қызылша, тұмау, скарлатина, инфекциялық паротит, туберкулез, полиомиелит, токсоплазмоз, мерез секілді жұқпалы аурулардың бірімен ауырса, онда ішіндегі баланың есту мүшесіне зардабын тигізеді. Сондай-ақ, ананың әртүрлі созылмалы және жалпы соматикалық ауруларықан аурулары, нефрит, витамин тапшылығы, қант диабеті, тиротоксикоз және басқалар да баланың денсаулығына зиянын тигізбей қоймайды. Тіпті, кейбір  антибиотиктер де уытты әсерін (стрептомицин, неомицин, гентамицин, мономицин, неомицин) тигізеді. Кей аналардың кәсіби әдет-ғұрпы, алкогольдік улану, радиациялық сәулелер ортасында еңбек етулері де баланың кем болып тууына салдарын тигізеді. Сонымен бірге, бұл ауу күрделі босану кезінде баланың жарақаттануынан да орын алады.

Үшінші топтағыларда құлақ мүкістігі жүре пайда болады. Бұл құлақ каналына бөтен денелердің зақым келтіруінен туындайды. Мәселен, құлаққа мақта, қағаз, ойыншықтардың ұсақ бөлшектері кіріп кетуі салдарынан немесе құлықтың қатып қалуынан пайда болуы мүмкін. Мұрын қуысы мен назофаринс аурулары (аденоидтар, жиі болатын ринит, мұрын қуысының гипертрофиясы, мұрын қуысының қисаюынан туындаған аллергиялық ринит кезіндегі есту түтіктерінің толық немесе ішінара жабылуы), сыртқы есту жолының және дабыл қуысының немесе есту түтігінің қабыну аурулары (сыртқы және ортаңғы отит, тубоотит, экссудативті отит) мүкістікке алып келеді. Бұл ауруларды жедел әрі  уақтылы емдеу арқылы есту функциясын қалпына келтіруге болады. Егер қабыну процесі созылмалы түрге ауысса, есту толығымен қалпына келмейді. Есту жолының, ортаңғы және ішкі құлақтың жарақаттары (баланың құлауы салдарынан бас сүйегінің жарақаттануы, жазатайым оқиғалар, қатты заттарға басын соғып алуы) есту қабілетінің нашарлауына әкеледі. Балалардың тұмау, паротит, дифтерия, қызылша, токсоплазмоз, менингит, энцефалит, скарлатинасекілді жұқпалы ауруларға шалдығуы да есту мүшесінің нашарлауына әсер етеді. Сондай-ақ, жүре пайда болған құлақ мүкістігі бүйрек ауруларының салдарынан, уытты антибиотиктерді жиі қолданудан туындауы ықтимал.

Есту қабілетінің зақымдану себептерін анықтау және балалардың есту қабілетін зерттеу, құлақ мүкістігінің ерте алдын алу және емдеу ең бастысы, балалардың сөйлеу орталығындағы патологиялық өзгерістердің алдын алу тұрғысынан өте маңызды болып табылады.

Балалардың есту қабілетін анықтау қиын міндет. Соңғы жылдары жаңа туған нәрестелердің есту қабілетін зерттейтін жаңа әдіс пайда болды. Бала дүниеге келгеннен кейінгі 3 күнде аудиологиялық скрининг жасалады. Кейін сәби бір-екі айға толған кезде есту қабілеті дауыс шығаратын, шу элементтері бар ойыншықтармен тексеріледі. Баланың дыбысқа реакциясы көздің дыбыстық затқа қарай қозғалуымен, бетін қолымен басып, жабу арқылы, аяқ-қолдардың қозғалуымен, кенеттен шыққан дыбыс әсерінен анасының кеудесін итеру, саусақтарын жұму, көзін ашу белгілерінен байқауға болады.

Балалардағы құлақ мүкістігі мен саңыраулығын алдын алу осы мәселені шешудің маңызды жолы болып табылады. Әсіресе, әйелдер қауымы жүктілік кезінде өз денсаулықтарын күтіп, сақтануға бағытталған іс-шараларды ұстанулары абзал, медициналық-генетикалық консультацияларға барып, учаскелерінде жиі тексеріліп тұрғандары дұрыс.

Бала өмірге келгеннен кейінгі алғашқы күннен бастап оның есту қабілетінің дұрыс болуын қадағалап, жұқпалы-вирустық аурулардың алдын алып отырған жөн. Тұрақты профилактикалық ЛОРтексерулер құлақ мүкістігінің дамуын дер кезінде алдын алуға және анықтауға мүмкіндік береді. Егер құлақ мүкістігіне күдігіңіз болса, онда балаңыздың есту қабілетін динамикалық бақылау қажет болады.

Баланың есту қабілетінің мүкістігін болдырмау үшін жеке алдын алу шараларын ұстаныңыздар. Әсіресе, баланың мұрын арқылы қалыпты дем алуына ерекше назар аудару керек. Сондықтан, баланың мұрны ағып жүрсе, оны назардан тыс қалдырмай, үйде емдемей, оған тиісті емтағайындайтын дәрігермен дереу кеңесуіңіз керек. Балаға гигиена дағдыларын үйретіп, құлақ ауруларының алдын-алуды әдетке айналдыруға бағыттау керек. Бала кішкентайынан есту қабілетінің маңыздылығын түсініп, құлағын орын алуы мүмкін жарақаттар мен аурулардан қорғай білуі қажет.

Сара МҰҚАНОВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар