Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін 5 мың км суасты кабелі байланыстыратын болады - АРҚА АЖАРЫ

Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін 5 мың км суасты кабелі байланыстыратын болады

— 2024 жылға қарай Қытайды Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланыстыратын ұзындығы 5 мың шақырымдық суасты кабельдер жүйесі пайдалануға берілмек. Бұл туралы мегажоба серіктестерінің бірі болған қытайлық CMI телекоммуникация компаниясының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
SEA-H2X деп аталатын суасты кабельдік жүйесі Гонконг, Хайнань, Филиппин, Таиланд, Малайзия және Сингапурды өзара байланыстырып, болашақта Вьетнам, Камбоджа және Индонезияға дейін жеткізілмек. Өткізу қабілеті 160 терабит/сек болатын 8 жұп оптикалық талшықтан тұратын кабельдің ұзындығы 5000 км болады.
Жоспарға сәйкес, инфрақұрылым 2024 жылға қарай пайдалануға дайын болуы тиіс. Жобаның тағы бір серіктесі — CUG телекоммуникациялық компаниясының мәлімдемесінде суасты кабелінің цифрлық дәуірде сенімді, қауіпсіз және қолжетімді жаһандық желілік қосылымдарды құру үшін өте қажет екені, SEA-H2X аймақта қуаты жоғары, маңызды жүйе ретінде Гонконг АЭА, Хайнань ЕЭА және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты одан әрі жақсартып, үздіксіз сауда, байланыс және қаржылық интеграцияға ықпал ететіні айтылған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар