Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі «АMАNАТ» партиясы жанындағы референдумды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшесі Жабал Ерғалиев Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студент жастарымен кездесті.
Оқу орнының ректоры Марат Сырлыбаевтың ұйымдастыруымен өткен кездесуде Ата Заңымыздың 99 бабының 33-не өзгерістер енгізілетінін және олардың әрбірінің Жаңа Қазақстан құрудағы шешуші әрі тарихи маңызы жайлы айтылды.
«Референдумға қатысу жасы 18-ге толған әркімнің ел болашағы алдындағы парызы. Біз осы жолы өз еліміздің, өз мемлекетіміздің, өз Тәуелсіздігіміздің болашағын анықтайтын боламыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алға тартып отырған Жаңа Қазақстан-Әділлетті Қазақстан құру және оны орнықтыру осы референдумға тығыз байланысты. Егер бізге ел мен мемлекет, өзіміздің және келер ұрпағымыздың тағдыры қымбат болса, 5 маусым күні үміт шырағы жанған жарқын көңілмен референдумға қатысуымыз керек», – деді өз сөзінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі «АMАNАТ» партиясы жанындағы референдумды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшесі Жабал Ерғалиев.
Сонымен бірге, кездесу соңында студент жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.