Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Референдум аясындағы кездесу - АРҚА АЖАРЫ

Референдум аясындағы кездесу

Алдағы өзгерістерге қатысты жер-жерде сарапшылардың қатысуымен өтетін талқылауларға барлық белсенді халық қатысуы тиіс. Себебі, осының негізінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер екшеледі.

Референдумда Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізу арқылы алдағы уақытта 20-дан астам заң жаңаша редакцияланатын болады. Бұл нақты қандай өзгерістер мен түзетулер?!

Міне, осыны түсіндіру мақсатында бүгін «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшесі Ирина Жукова мен партияның аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Ахмедия Қожамсейітов Шортанды кентінің №2 мектебінің ұстаздар қауымымен кездесті. Референдумның маңызы жайында сұхбат құрды.

«Референдум – Жолдауда жариялаған реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтеді. Өйткені реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді. Оған қоса, бұл реформалар Президент соңғы жылдары ұсынып келе жатқан саяси бастамалардың логикалық жалғасы десек, қателеспейміз. Мысалы, сол кезде Мемлекет басшысы шешім қабылдауға азаматтарды белсенді араластыруға шақырды. Енді аралас, яғни пропорционалды-мажоритарлы сайлау жүйесінде партияға мүше емес азаматтар да Парламентке депутаттыққа сайлана алады. Бұдан бөлек, сот шешіміне көңілі толмаған азаматтар Конституциялық сотқа тікелей арыздана алады», -деді өз сөзінде облыстық мәслихат депутаты, республикалық штаб мүшесі Ирина Жукова.
Егер референдумда дауысберушілер аталған өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам. Ұстаздар қауымы да алдағы референдумның өтуін қолдап отыр.

«Мемлекет басшысы өз ұсынысында «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ, әрі дамыған мемлекет боламыз!» деп атап өтті. Бұл жаңалықты өзім де, әріптестерім де зор қуанышпен қабылдады. Енді жаңа, нақты өзгерістерге бастайтын референдумның ойдағыдай өтуіне бір адамдай атсалысуымыз керек» – дейді мектеп директоры Анар Жаншурина.

#ReferendumAMANAT

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар