Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаудағы кәсіпорында республикалық референдумға қатысудың маңыздылығы талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаудағы кәсіпорында республикалық референдумға қатысудың маңыздылығы талқыланды

Бүгін облыс орталығында Ақмола облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдігі мүшелерінің өңірдегі жетекші қала құраушы кәсіпорынның бірінің еңбек ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған жалпыхалықтық референдумның тақырыбын түсіндірумен, сондай-ақ еліміздің Негізгі заңына енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы Ақмола облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің басшысы, «Ақмола облысының әкелер кеңесі» ҚБ төрағасы Ерлан Закирьянов және Ақмола облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов сөз сөйлеп, референдумды қоғамдық қолдаудың Республикалық штабының алдағы оқиғаның маңыздылығы мен тарихи мәнділігін атап өтті.

«Конституцияға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар Қазақстан тарихында жаңа тарауды ашады, ал мемлекеттің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қоғам мен ел өміріне жан — жақты әсер етеді», — деді спикерлер.

Іс-шараға қатысушылар 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Республикалық референдумның негізгі мәселелеріне, сондай-ақ Негізгі заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы, атап айтқанда Президенттің өкілеттігін қысқарту, Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау саласын нығайту және т. б. мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Отырыста қызықтыратын сұрақтар қойылып, тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілді, оның қорытындысы бойынша «Гормолзавод» ЖШС ұжымы ұсынылған өзгерістерге қолдау білдірді және 2022 жылғы 5 маусымдағы референдумға қатысуға дайын екенін білдірді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Жарлығы шыққаннан бері облыста заңгерлердің, оның ішінде әділет, сот жүйесі ардагерлерінің, саясаттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің, қоғамдық пікір көшбасшыларының және т. б. қатарынан референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдігі құрылды және жұмыс істейді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бүгінгі күні штаб 40 мың адамды қамти отырып, 1000-нан астам іс-шара өткізді.

Ақмола облысы бойынша референдумға қоғамдық қолдау көрсету

Республикалық штаб өкілдігінің материалдары бойынша

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар