Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әріптестікті дамытпақшы - АРҚА АЖАРЫ

Әріптестікті дамытпақшы

Облыс әкімі Сергей Кулагин Қытай Халық Республикасы Шэньси азық-түлік және агроөнеркәсіптік тобының бас директоры Хан Вэй бастап келген делегацияны қабылдады.

Өңір басшысы Шэньси провинциясының делегациясын облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровпен, облыстық басқарма мен ведомство басшыларымен таныстырды. Бұл кездесу барлық бағыт бойынша, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты әріптестікті жандандыруға септігін тигізбек.
– Біздің облыс еліміздегі аграрлық-өнеркәсіптік өңірлердің бірі болып табылады. Өңірде жоғары сапалы бидайдың жалпы республикалық көлемінің ширегі өндіріледі. Оны өңдеу өндірісі дамыған. Биылғы жылы облыс бойынша көктемгі егіс алқабы 4,7 миллион гектарды құрады. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 4,3 миллион гектар алқапқа орналастырылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша астық өндірісі 4,6 миллион тоннаны құрады. Оның 2 миллион тоннасы экспортталады. Егіс алқабы құрылымын әртараптандыру шарасы есебінен майлы дақылдар алқабы 207 мың гектарды, картоп пен көкөніс отырғызу алқабы сәйкесінше 18,7 мың гектарды және 4,4 мың гектарды құрады.  Қытаймен сыртқы сауда айналымы 64 миллион АҚШ долларын, экспорт 37 миллион, импорт 27 миллион АҚШ долларын құрады. Дегенмен, біз қытайлық рынокқа астықты аз тасымалдаймыз. Әр жыл сайын еркін сатылатын 3,5 миллион тонна астық болады. Биыл Қытай Халық Респуб-ликасына 600 тонна астық сатылған. Аспан асты елінен бізге химиялық өнімдер, оның ішінде гербицидтер пен пестицидтер тасымалданады. Қазір бізде мал шаруашылығы саласын жедел дамыту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Ауыл шаруашылығы жағдайын жақсартуға мүмкіндік
тудыратын сіздердің әріптестіктеріңізге сенеміз. Жақын арада мұнда қытайлық бір компания болып, бізге жылу электр орталығының құрылысын жүргізуді ұсынды. Сіздердің сауалдарыңызға жауап беруге дайынбыз, – деді облыс әкімі.
Бұдан кейін Шэньси азық-түлік және агроөнеркәсіптік тобының бас директоры Хань Вэй Шэньси провинциясы делегациясының мүшелерімен таныстырды, Шэньси азық-түлік және ауыл шаруашылығы корпорациясының дамуы жөніндегі деректерді көгілдір экраннан көрсетті. Сондай-ақ, делегация басшысы өздерінің Ақмола өңірінде дәнді және майлы дақылдар өңдейтін кәсіпорын салғылары келетінін айтты.
Облыс әкімі барлық жерді жекеменшік иелері 9 жылдан бастап, 40 жылға дейін жалға алғанын айтты.
– Жер шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі. Олар бөлек немесе біріккен кәсіпорын болып жұмыс істей алады. Өңірде әртүрлі жерлер бар. Негізінен мұнда сапалы астық өседі. Инвесторлар өз қаржысымен келуі тиіс. Біздің міндетіміз – бос жатқан жерді беру. Облыс аумағындағы картоп пен көкөніс алқаптарынан өзге астық алқаптары суарылмайды. Майлы дақылдар жақсы өсетін аудандар бар. Сіздердің сауалдарыңызға тиісті басқармалар нақты жауап береді, – деді өңір басшысы. Бұдан соң облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина жерді жалға алудың тәртібі жөнінде айтып берді. Кездесу соңында екі жақ бір-біріне естелік кітаптар сыйлады. Түс ауа қытайлық делегация Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен және кәсіпкерлермен кездесті. «Максимовка» серіктестігінің өндірістік нысандарымен танысты. Бұдан соң Жақсы ауданында болып, «Урожай» серіктестігіндегі элеватор кешенінің жұмысын көріп,  бағамдады.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар