Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Референдум азаматтық қоғам мен заң шығарушы органдардың дамуына ықпал етеді - сарапшы - АРҚА АЖАРЫ

Референдум азаматтық қоғам мен заң шығарушы органдардың дамуына ықпал етеді – сарапшы

Референдум азаматтық қоғам мен заң шығарушы органдардың дамуына ықпал етеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі Ермек Тоқтаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Референдум маңызды оқиға екенін ескерсек, бұл ретте еліміздің саяси мәдениетінің дамуының белгісі деп айтуға болады. Бізде заңнама бойынша референдумға ерікті түрде қатысу ескерілген. Сондықтан ел халқын референдумға шақырып, жұмылдыру өте маңызды деп білемін», – деді Е. Тоқтаров Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазіргі реформалар Президент бастамаларының жалғасы болып отыр. Бұл тұрғыда осы реформалар кешенді бағдарламаға айналып, Конституция деңгейінде дамып келеді. «Жаңа Қазақстан құру жолында саяси жүйеде, оның құқықтық негізінде өзгерістер керек. Біріншіден, азаматтық қоғамның және заң шығарушы органдардың дамуы жағынан қарасақ, түрлі көзқарастардың белсенділігін әрі бәсекелестігін дамытады», – деді сарапшы.

Сонымен қатар ол референдум мен сайлаудың айырмашылығы бар екенін айта келе: «егер сайлауда нақты бір саяси партияға немесе кандидатқа дауыс берсек, ал референдумда маңызды шешімге қатысты ұстанымды білдіреміз. Осы орайда біз осы іс-шараға қатысуға міндеттіміз деп санаймын. Өйткені еліміз үшін және саяси жүйенің дамуына елеулі әсер ететін шешім болады. Тіркелген тұрғылықты жер бойынша сайлау учаскелеріне бару керек», – деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар