Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АИТВ-мен ауыратын балалар толық емдеу шараларымен қамтылған - АРҚА АЖАРЫ

АИТВ-мен ауыратын балалар толық емдеу шараларымен қамтылған

Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Біздің планетамыздағы балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару – бұл күннің басты мақсаты.

Ақмола облысында 2022 жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша АИТВ-ке шалдыққан 18 жасқа дейінгі 14 бала тұрып жатыр, олардың барлығы да ересектер сияқты мемлекеттен тегін берілетін ем алады.

Әрбір бала кәмелетке толғанға дейін ай сайын екі ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде әлеуметтік көмек алатынын атап өту маңызды, бұл шамамен 75 мың теңгені құрайды.

АИТВ жұқтырғанды білу әрдайым оңай емес, оны балаға түсіндіру екі есе қиын. Сондықтан, орталықта балалар мен олардың ата-аналарын дайындайтын жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігерлер, психолог және медбикелерден тұратын көп салалы команда жұмыс істейді.

–Сондай-ақ, 2018 жылдан бері жыл сайын АИТВ жұқтырған балаларға арналған республикалық лагерь ұйымдастырылып, оған облысымыздың балалары белсене қатысып келеді, – дейді инфекционист дәрігер Халкен Нұғыманова. –Биыл оған біздің өңірден тағы бес бала қатысады деп жоспарлануда. Жазғы лагерьде әртүрлі өңірлерден келген жасөспірімдер көшбасшылар қауымдастығын қалыптастыру, ересек өмірге толыққанды кірігу үшін бір-бірімен жақын танысады, емдеуге деген жоғары бейілділікті қалыптастыра отырып, АИТВ-мен өмір сүру туралы ішкі білімдерін арттырады.

Жуырда Ақмола облысында алғаш рет Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған баспасөз конференциясында Алматы қаласынан келген жасөспірімдер Рахым Сапаров және Аида Муравьева АИТВ-мен ауыратын балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғап сөз сөйледі.

Өкінішке орай, облысымызда әзірге мұндай белсенділер жоқ, елімізде де АИТВ туралы ашық айтып сөйлейтіндер санаулы ғана. Бұл көбіне халық арасында АИТВ-ға қатысты мифтер мен үрейлердің көп болуынан.

Балаларды қорғау күні қоғамның назарын АИТВ-мен өмір сүретін балаларды шеттету мен кемсітушілікке жол бермеуге аударғым келеді.Олардың басқа азаматтар сияқты құқықтары бар екенін түсіну керек. Балабақшаға, мектепке, басқа білім беру мекемелеріне бару – әр баланың маңдайына жазған бақыт. Ал, АИТВ-мен байланысты кез-келген шектеу бала құқықтарын бұзады.

Жинақталған халықаралық тәжірибе АИТВ-қа тестілеуден өтуден қорықпауға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар өз аурулары туралы жапсырмаларды ілуден және құқықтарына қысым жасаудан бас тартпай, бұл жөнінде ашық айтуға тиіс екендігін көрсетіп отыр. Бізде осыған қол жеткізіп, мұндай балалардың өмірінің шектелуіне жол бермесек, қоғамымыздың адам құқын сақтаудағы бір жетістігі осы болар еді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар өз аурулары туралы ашық айтуына ықпал ететін тетіктердің бірі болып табылады, ал теріс мәртебесі бар адамдар алдын алу шараларының маңыздылығын түсінеді.

Нұрлыбек ҚОНЫСПАЕВ,

 Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар