Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Прокуратура қызметкерлері ел мүддесін бәрінен жоғары қойып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Прокуратура қызметкерлері ел мүддесін бәрінен жоғары қойып отыр

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, «AMANAT» партиясы жанындағы референдум жөніндегі республикалық штаб мүшесі Жабал Ерғалиев Ақмола облыстық прокуратурасының қызметкерлерімен кездесіп, 5 маусым күні өтетін республикалық референдум жайында әңгіме өрбітті.

Кездесуді облыс прокурорының орынбасары Жандос Бердіқұлов кіріспе сөзбен ашып, референдум өткізетін күн барлық прокуратура қызметкерлері үшін жұмыс күні болатындығын атап көрсетіп, референдумның заң аясында өтуін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру қағидасын алға тартқаны белгілі. Осы орайда қазақстандықтар қазіргі қолданыстағы Конституцияға өзгертулер енгізу мәселесін қозғағаны да болды. Қазақстандықтардың сол талап-тілегі ескеріліп, енді міне, Ата Заңымызға өзгерістер енгізу үшін референдум өткізу қарсаңында тұрмыз. Бұл біздің мемлекетіміздің, оның болашағының және бүгінгі әрі келер ұрпақтарымыздың тағдыр шешті күні болғалы тұр.

Осы ойымды одан әрі сабақтай келіп,қазіргідей әлемдегі қалыптасып отырған күрделі геосаяси жағдайда елдің бірлігін сақтай отырып, референдумды бір кісідей ұйымшылдықпен, ойдағдай өткізу елдігімізге сын», – деді Жабал Ерғалиев,
Кездесуде айтылғандай, уақыт қазір барлық әлемді, барлық әлем халқын үлкен сынға салып отыр. Қарулы қақтығыстар, түрлі көзқарастар және де сонымен бірге Қазақстанды да түрлі шиеленістерге тартқысы келіп отырған күштер іште де, сыртта да бар. Әлеуметтік желіде кейде осы референдумға сенімсіздік білдіргісі келетіндер де жоқ емес. Әрине, әркімнің өз көзқарасы, өз ойы мен пікірі бар. Алайда ақиқат біреу-ол Тәуелсіз Қазақстанды сақтау және нығайту, еліміздің демократиялық жолмен дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

«Сол Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін референдум жасалғалы отыр. Суперпрезиденттіктен бас тарту, іс басындағы Президенттің жақын туған-туыстарының саяси қызметтерде болмауы, олардың квазимемлекеттік секторда басшылықта болмауы тағы да өте өзекті мәселермен бірге осы референдумға шығарылып отыр. Дүние бір күнде өзгеріп сала бермейді. Бірақ сол дүниені, өзімізі өмір сүріп отырған қоғамды жақсы бағытқа салып өзгерту әрекетін жасау әрбір саналы адамның парызы.

Алайда, сәт сайын, тіпті секунд сайын, тіпті көзді ашып-жұмғанша өзгеріп жатқан дүниенің талабы мен сауалына сай болу үшін ең әуелі Конституциясы кемел, Конституциясы өз мемлекеті халқының талап-тілектеріне, ой-мүдделеріне сай жауап бере алатындай болуы керек. Біз сондай кемел Конституция жасаудың референдумын өткізгелі отырмыз.

Қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзі айтқанындай, өз елі мен халқының мүддесі үшін адал қызмет етуді басты парызы санап отыр. Адал ойы мен ниеті бар Президентімізді қолдайық! Менің түсінігімде қазір ТМД мемлекеттері арасында Қасым-Жомарт Тоқаевтай білімді, арлы, жаны таза, ақыл-парасаты кемел, әлемдік саясатта да дипломатилық қызметте де әбден ысылған, дүние жүзіне танымал әрі тәжірибесі мол бірде бір президент жоқ деп батыл айта алар едім. Қолдайық, сенейік!

Тарихтың талай сындарлы кезеңдерінен сүрінбей өткен халқымыз, жасы 18-ге толған барлық ақмолалықтар бұл жолы да кемеңгерлік танытар, сөйтіп 5 маусым күнгі референдумға барып, өздерінің азаматтық көзқарастарын ұйымшылдықпен білдіреріне сенімдімін.Елге де, ерге де сын сәтте ел мүддесін бәрінен де жоғары қояйық!»,- деп түйіндеді Жабал Ерғалиев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар