Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Референдумға қатысу – парызымыз - АРҚА АЖАРЫ

Референдумға қатысу – парызымыз

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Жастар референдумды қолдайды» атты  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге университеттің студенттік парламентінің мүшелері, студенттер мен жас ғалымдар кеңесінің мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелде ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Жақыпова референдумды өткізудің негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

–Референдумға қатысу алдымен әрқайсыларыңның азаматтық борыштарың. Референдумға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының әр азаматы қатысуға құқылы. Референдумның басты мақсаты — жаңа Қазақстанды құру. Жаңа Қазақстан әділетті мемлекетке талпыныс. Әр адамның құқығы тең деңгейде болатын мемлекет. Сол мемлекетті құру үшін біздің бәріміздің референдумға қатысу басты борышымыз, – деді Айгүл Жақыпова.

Абылайхан ӘШІМХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар