Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2023 жылы әлем елдерінде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін – БҰҰ - АРҚА АЖАРЫ

2023 жылы әлем елдерінде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін – БҰҰ

– 2023 жылы әлем елдері азық-түлік дағдарысына тап болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі баспасөз мәслихатында БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Украинадағы жағдайға байланысты азық-түлік қауіпсіздігі саласында қауіп-қатер бар. Дегенмен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мәселелер барша әлемдегі пандемия мен локдаундардан бастау алып отыр. Себебі індет салдарынан әлем елдері арасында өнімді жеткізу тізбегі бұзылған болатын. Ал соғыс жағдайы бұл қиындықтарды ушықтыра түсті», – деді А.Мұхаммед.

Оның айтуынша, БҰҰ Бас хатшысы мен әлем елдерінің көшбасшылары және олардың техникалық командалары алдағы уақытта болуы мүмкін азық-түлік дағдарысын еңсеруге қатысты шешімдерді ұсынып жатыр. «Қымбаттап бара жатқан азық-түлік бағасын түсіру үшін бидай тасымалы бағытында Қара теңіздегі қарым-қатынасты жандандыру керек. Алайда бұл дағдарыстың мән-жайын дұрыс түсінген жөн.

Яғни, соғыс аяқталмаса, проблемалардың салмағы да ауырлай береді. Биыл азық-түлік дағдарысының салдарын аса қатты сезінбесек те, алдағы жылы бұл саладағы проблемалар ауқымды болатынын байқаймыз», – деді БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары. Айта кетейік, Халықаралық Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының басшысы Цюй Дунъюй Украинадан тасымалданатын жүктің қысқаруы Африка мен Азиядағы азық-түлік тапшылығы қаупін күшейтетінін ескертті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияға сапары аясында Қазақстанға келген БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мұхаммедті қабылдады. А. Мұхаммед Бірікке Ұлттар Ұйымы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар