2022 жылдың 10-шы маусымында Көкшетау қаласының аумағында арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «ОРМАН-АНТИТЕРРОР-2022» терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өткізіледі.
Онда ведомствоаралық өзара іс-қимыл және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың берілген күштері мен құралдарын басқару дағдылары пысықталады.
«Техниканы, оқу-жаттығу орнын фото/видео түсірмеуді, осы іс-шара туралы қауесет пен жалған ақпарат таратпауды сұраймыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігі (көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз», – дейді оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар.