Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ералы Тоғжанов Ақмола облысындағы денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты - АРҚА АЖАРЫ

Ералы Тоғжанов Ақмола облысындағы денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында вице-премьер Ералы Тоғжанов Степногорск қаласындағы «Viamedis» ЖШС филиалының жұмысымен танысты. 2020 жылы «Степногорск қалалық емханасы» ШЖҚ МКК «Viamedis» ЖШС-мен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі МЖӘ шартын жасасты.

Жобалық қуаты бір ауысымда 1020 келушіге арналған емхана жалпы тәжірибелік 7 учаскеден, 20 терапевтік және 15 педиатриялық учаскеден тұрады. Степногорск қаласының, сондай-ақ жақын маңда орналасқан Ақсу, Заводской, Бестөбе кенттерінің, Қарабұлақ, Степногорское, Қырық құдық, Изобильное, Бөгенбай ауылдарының тіркелген тұрғындарына алғашқы медициналық–санитарлық көмек көрсетеді. Жалпы, 470 қызметкер жұмыс істейді.

Филиал директоры Нұрлан Ахильбековтың айтуынша, қалалық емхана 1980 жылы ашылған. 40 жылда бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. «Viamedis» ЖШС-на өтіп, шамамен 1 143 732 062 млн теңге инвестиция тартылған соң, емхана жаңғыртылды. Бірқатар аурулар бойынша сапалы және жедел диагностика жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа жабдықтармен жарақтандырылды. Халыққа компьютерлік томограф, цифрлық рентген және цифрлық маммограф қызметтері ұсынылады. Жоғары сапалы сәулелік диагностика бөлімшесі ұйымдастырылды. Электрондық кезек енгізілді және жайлы күту аймақтары жасалды.

Әрбір пациентке жеке медициналық көмек көрсететін инновациялық медициналық оңалту бөлімі құрылды. Емханаға тіркелген халыққа қызметтер ТМККК және МӘМС пакеттері аясында тегін көрсетіледі. 

«Бүгінгі таңда емханамызда заманауи компьютерлік томография аппараты, 2 рентген-аппарат, 2 флюорограф, 3 УДЗ-аппарат, 2 маммографиялық қондырғы, 2 видеоэндокопиялық қондырғы, фиброгастроколоноскоптар, кольпоскоп, гистероскоп, BOWA фирмасының 2 электрохирургиялық аппараты, 2 «Холтер» ЭКГ және АҚ тәуліктік мониторингтеу кешені және т. б. бар», — деді Н. Ахильбеков

Емхана қызметінде онкологиялық аурулардың алдын алуға, оларды ерте анықтауға және емдеуге ерекше көңіл бөлінеді, себебі Степногорск қаласы қауіпті аймақта орналасқан. Жүргізілген жұмыстардың арқасында халық арасында ауруларды ерте анықтау жағдайлары көбейді.

Премьер-Министрдің орынбасары медициналық ұйымның жұмысына оң баға берді.

«Қорытындылай келе, барлық қабылданып жатқан шаралар мен бастамалар бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға және жұмыс орындарын құруға бағытталуы тиіс екенін атап өткім келеді», — деді Е. Тоғжанов.

Дереккөз: primeminister.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар