Атбасар ауданындағы Щуйское ауылы күн санап көркейіп, абаттана түсуде. Жергілікті «Щуйское 2І» серіктестігінің бас директоры, іскер азамат Алтынбек Бейсембекұлы Құрманқұлов тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың кешенді жоспарын жасаған. Сөйтіп, санаулы жылда жас мамандарға жайлы жиырма үй салып берді.
Кәсіпкер төртжүз миллион теңгеге елімізде теңдесі жоқ спорт ғимаратын да пайдалануға берген. Орталық қоныстың көшелеріне асфальт төселіп, темір қоршаулар жасалған. Бірнеше мың түп әртүрлі ағаш көшеттері, гүлзарлар отырғызылған. Ауыл түнде самаладай жап-жарық. Көшелердің бәріне бейнекамера орнатылған.
Берік ЕСКЕНОВ.
Суреттерде: «Щуйское 21» серіктестігінің директоры Алтынбек Құрманқұлов; жаңа пәтер иесі еркін күрес бапкері Еркін Сәдуақасов; ауыл көрінісі.
Суреттерді түсірген автор