Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шахталық суды жер бедеріне ағызу заңды ма? - АРҚА АЖАРЫ

Шахталық суды жер бедеріне ағызу заңды ма?

Көктемде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов, сондай-ақ «Алтыналмас» компаниясының өкілдері Бестөбе кентінің тұрғындарымен Бестөбе өндірістік алаңының тағдырына байланысты бірнеше кездесу өткізді. Экобелсенділер мен өлке тұрғындары кездесуде көптеген сұрақтар қойды, соның ішінде шахталық суды айдаудың экологиялық талаптары бойынша сұрақтар да кездесті. Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, біз бұл сұрақтарды экологиялық құқық жөніндегі сарапшы, Қайнар университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Нұржан Бәйімбетовке жолдаған болатынбыз.

–Нұржан Серікұлы, сіз экология және жер қойнауын пайдалану мәселелерін жетік меңгерген мамансыз, сондықтан Бестөбе және жалпы Степногорск өлкесі тұрғындарының көптеген сұрақтарына кәсіби заң тұрғысынан жауап береді деп ойлаймыз. Көптеген Бестөбеліктер облыс әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесуде шахталық сулар таза, оларды тіпті ішуге болады деген мәселені көтерді. Бестөбеде 2 млн текше метрге дейінгі көлемде кенішті жер асты сулары басты, су жинауыш тоған салынбады, өйткені оның құрылысына жергілікті тұрғындардың рұқсаты қажет. Жалпы, шахталық суларды жер бедеріне тазартпай ағызуға бола ма?

Экологиялық кодекс осы сұраққа 216 және 222-баптарда толық жауап береді. Рұқсат етілген нормативтерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды су объектісіне немесе жергілікті жер бедеріне ағызуға тыйым салынады. Тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының шахталық және карьерлік суларын жинақтауыш тоғандарға немесе буландырғыш тоғандарға ағызу ерекше жағдай болып табылады.

Шахталық суларды жер бедеріне ағызу құқығына ие болу үшін онда белгіленген ластағыш заттардың рұқсат етілген төгіндісінің нормативімен экологиялық рұқсат алу қажет. Экологиялық рұқсат алу – ұзақ үдеріс, жобалық құжаттаманы әзірлеу талап етіледі.

Ал, бұзушылық ірі айыппұл санкцияларына әкеп соғады. Мысалы, егер Сіз 2 миллион текше метр су көлемі туралы айтатын болсаңыз, онда бұл 1 миллиард теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл болуы мүмкін, бұдан басқа, егер қандай да бір үшінші тараптың мүдделеріне залал келтірілсе, эмиссияға арналған қолданыстағы рұқсаттар қайтарып алынуы мүмкін, тіпті қылмыстық қудалауға дейін қолданылуы мүмкін. Мұның бәрі заңда жазылған.

Сондықтан шахталық суларды жер бедеріне ағызуға жол берілмейтінін тағы бір рет атап өтемін. Сонымен қатар, Экологиялық кодекс 321-баптың 5-тармағында «Бөлек жиналған қалдықтарды басқарудың барлық келесі кезеңдерінде араластыруға тыйым салынады» деген жалпы норманы белгілейді.

358-баптың басқа 4-тармағында «тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары болып табылмайтын басқа да қалдық түрлерімен араластыруға немесе бірге жинап қоюға, сондай-ақ, егер бұл экологиялық рұқсат шарттарында тікелей көзделмесе, тау-кен өндіру өнеркәсібі қалдықтарының алуан түрлерін араластыруға немесе бірге жинап қоюға тыйым салынады» деп белгіленген.

Қарапайым тілмен айтқанда, шахталық суларды қалдық қоймасына ағызуға болмайды. Экологиялық рұқсатқа өзгерістер енгізу үшін жобалық құжаттаманы әзірлеу, барлық келісімдерді алу, қоғамдық тыңдаулардан өту және сараптаманың оң қорытындысын алу қажет.

– 2021 жылғы шілдеде ҚР жаңа Экологиялық кодексі күшіне енді, ол өз талаптарын халықаралық нормаларға сәйкес қатаңдатты. Бұл жер қойнауын пайдаланушыларға және олардың жұмыс стандарттарына қалай әсер етті?

Жаңа Кодекс оны пайдалану барысында байқалған алдыңғы кодекстің кейбір кемшіліктерін жойды. Қысқаша айтқанда, жаңа Экологиялық кодекс Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау саласында шет мемлекеттердің оң тәжірибесін енгізеді, қазақстандық заңнамаға бірқатар халықаралық міндеттемелерді енгізеді, жұртшылықтың мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауына қатысуын жүйелейді, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілігін күшейтеді.

Қоғамдық тыңдауларға логикалық тұрғыдан көшу және қоғамдық тыңдаулар өткізу қажет – бұл жергілікті қоғамдастықтың экожүйесіне қатысты маңызды жобаларды іске асыру алдында тағы да жақсы халықаралық тәжірибе.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу 2021 жылғы тамызда бекітілген «Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларымен» реттеледі. Құқықтық түсіндірмедегі қоғамдық тыңдаулар – бұл қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қозғайтын мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу формасы болып табылады.

Қағидаларға сәйкес, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша қабылданатын шешімдерде мүдделері қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін немесе осы шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуға мүдделі жұртшылық қоғамдық тыңдауларға қатыса алады, жоба бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын бере алады.

– Қоғамдық тыңдаулар рәсімі қалай өтеді, рәсім қандай және заңда не қарастырылған?

Қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыс арқылы және жария талқылау арқылы өткізілуі мүмкін. Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары қандай жағдайларда тыңдаулар ашық жиналыс өткізу арқылы, ал қандай жағдайларда жария талқылау ретінде өткізілетінін белгілейді.

Осылайша ашық жиналыс арқылы қоғамдық тыңдаулар негізінен ықтимал әсерлер туралы есептің жобасына қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу кезінде; I-II санаттағы объектілерді салу және/немесе пайдалану жөніндегі жобалық құжаттамалар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезінде өткізіледі (бұл қоршаған ортаға айтарлықтай теріс/орташа теріс әсер ететін объектілер);

Бірыңғай экологиялық порталда жария талқылау формасындағы қоғамдық тыңдаулар негізінен III санаттағы объектілердің (қоршаған ортаға болмашы теріс әсер ететін объектілер) жобалау құжаттамасы және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде қажетті жобалау құжаттары бойынша өткізіледі.

– Қоғамдық тыңдауларға қатысушылар жобаны заңда көзделген негіздерсіз тоқтатуды талап ете ала ма және егер тұрғындар жобаға қарсы петицияға қол қойса, жоба жабылуы мүмкін бе?

Заңда көзделген негіздерсіз үшінші тұлғалардың талап етуі бойынша жобаны тоқтату мүмкін емес. Жобаны неге жүзеге асыру мүмкін еместігі туралы құқықтық негіздеме қажет. Белгілі бір жобаны салу және іске асыру, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүдделерімен байланысты болғандықтан, жобаны тоқтату үшін жұртшылықтың өтініші бойынша сот шешімі қажет.

Қоғамдық тыңдаулардың құқықтық мәні жұртшылықтың белгілі бір жобаға «болу немесе болмау» туралы рұқсатында емес. Тиісті білімі жоқ жұртшылық оның тағдырын шеше алмайды. Қоғамдық тыңдаулардың құқықтық мәні – жобалық құжаттаманы ықтимал түзету үшін мүдделі жұртшылықтың пікірлері мен ұсыныстарын алу болып табылады. Қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде мүдделі жұртшылықтың нақты тұжырымдалмаған және ескертулер мен ұсыныстардың мәнін көрсетпейтін немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде зерделенуге жататын мәселелерге анық қатысы жоқ ескертулері мен ұсыныстары ескерілмейтінін атап өту маңызды.

Жобаның экология, денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және т.б. саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі мәселелері мемлекеттік сараптаманың және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, тиісті салалар мамандарының құзыретіне жатады, олар жобаның барлық талаптарға сәйкестігін тексеруге тиіс. Жұртшылық мұндай білімге ие емес. Сондықтан жұртшылықта осы немесе басқа жобаны жүзеге асыруға тыйым салу құқығы жоқ және бола алмайды.

Сондай-ақ, өтініш білдіргендердің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы азаматтардың мемлекеттік органдарға жазбаша немесе ауызша өтініштері туралы петиция ұғымы бар. Петициялар, басқа да өтініштер сияқты Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі. Мемлекеттік органдар өтініштерді келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды. Егер Жолдауда айтылған бұзушылықтар расталса, онда мемлекеттік орган бұзушылықты жою үшін шаралар қолдануы тиіс.

Егер қоғамдық тыңдаулар өткізілмеген не заң бұзушылықтармен өткізілген жағдайда, мүдделі жұртшылық сотқа жүгіне алады.

– Ашық қоғамдық тыңдауларда жобаға «ИӘ» немесе «ҚАРСЫ» дауыс беруге бола ма?

Қоғамдық тыңдауларда қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес дауыс беру тек хатшыны сайлау және регламентті бекіту үшін ғана өткізіледі. Жобаға «ИӘ» немесе «ҚАРСЫ» дауыс беру қарастырылмаған.

Қоғамдық тыңдаулар егер оған мүдделі жұртшылық болып табылатын кемінде бір адам қатысса, өткізілді деп есептеледі.

Тағы да қайталаймын, тыңдауларда талқыланатын жобаға «иә» немесе «қарсы» дауыс беру қарастырылмаған, өйткені бұл қоғамдық тыңдаулардың мақсаты емес. Қоғамдық тыңдаулар мүдделі жұртшылықты жобамен таныстыру, пікірлер мен ұсыныстарды тыңдап, жобаның орындылығын, оның мемлекет пен азаматтар үшін экономикалық, әлеуметтік маңыздылығын жұртшылыққа жеткізу үшін өткізіледі.

Мемлекеттік органдар жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асыру кезінде жобаның экологиялық талаптарға сәйкестігін тексереді. Жоспарланған жоба қоршаған ортаны рұқсат етілген нормалардан асыра ластайма ма деген мәселені шешуді қажетті білімі жоқ жұртшылыққа беруге болмайды.

Әсерлі әңгімеңіз үшін рақмет!

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар