Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшінің тартымдылығы – әдептілігі мен халыққа жақындығында - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшінің тартымдылығы – әдептілігі мен халыққа жақындығында

 Өңірлік коммуникациялар орталығының ақпарат алаңында журналистермен өткен брифингте Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова  «Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін қалыптастырудың әдептілік негіздері» деген тақырыпқа хабарлама жасап, осы мәселеге байланысты мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен міндеттерді атап өтті.

 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің оң бейнесін қалыптастыру мен нығайту мемлекеттік жүйені дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесіне қойылатын негізгі талаптар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған. Онда «мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды»,– деп атап көрсетілген.

Сонымен қатар, осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормалармен мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ, олардың тәртіптерінің базалық стандарты белгіленеді.

Ол мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынаста жоғары мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз қылықтарының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой, сондықтан, кәсіби тәжірибемен қатар, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болуы өте маңызды. Әсіресе, қазіргідей жаңа ақпараттық технологиялар жағдайында және БАҚ-тардың бостандығы мол кезеңде. Мемлекеттік қызметші атанудан үміткер адамдар халықтың алдындағы жауапкершілік жүгін анық сезінуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін арттыру керек.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіндегі талаптарды сақтауы олардың қызметтік парызы болып табылады, ал бұзуы ҚР заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеліп соғады. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік тәртібі және олардың өз міндеттеріне қатысты әділеттілік деңгейі жалпы қоғам жағдайының, ондағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің, инвестициялық ахуал жағдайының және тағы басқа  маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Айта берсек, мемлекеттік қызметшінің киімі де көз тартатын емес, оның қызметтік жағдайына сәйкес болуы керек; мемлекеттік мекеменің интерьерінің жарық, қарапайым, сонымен қатар, мұнда мемлекеттің өкілдері отырғанын, маңызды мекеме екенін, маңызды мәселелермен айналысатынын көрсететіндей болуы керек; қызметшілермен жиі-жиі тренингтер, әңгімелесулер мен олардың адамдармен жұмыс жүргізу кезіндегі кәсіби дағдылары мен білімдерін растайтын аттестациялар өткізіліп тұруы қажетжәне бұл басшылар мен мамандарға ғана емес, қызмет көрсететін персоналға да қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің, сонымен қатар, мемлекеттік биліктің барлық жүйесінің, оң бейнесін қалыптастыру үшін жоғарыда аталған бағыттарды ескере отырып жұмыс жүргізуміз керек.

Айнагүл Жанәділова журналистерге мемлекеттік қызметкер мінез-құлқы, әдебі жайында тартымды әңгімелеп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

                                                                                                  Серік САПАРҰЛЫ,

                                                                               «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар