Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирус бойынша жағдай тұрақты - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирус бойынша жағдай тұрақты

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың бас санитарлық дәрігері  Айнагүл Мусина  баспасөз мәслихатын өткізіп, өңірімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, вакцинация, ревакцинация, маймыл шешегі және менингококк инфекциясы бойынша алдын алу шаралары туралы тарқатып айтып берді.

 – Әлемде коронавирус инфекциясымен сырқаттанып жатқан науқастар саны артуда. Тәулігіне 789732 жағдай тіркелген, өсім 0,1 пайызды құрап отыр, – деп бастады сөзін Айнагүл Мусина. – Мәселен, ТМД елдерінде 9237 жағдай тіркелген, яғни, өсім 0,04 пайызды құрайды.

Қазақстан Республикасы бойынша өткен тәулікте 2684 жағдай тіркелді.

Біздің Ақмола облысы бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Дегенмен де, босаңсуға жол жоқ.

Нақты деректерге сүйенетін болсақ, 2020 жылы Сovid-19 инфекциясының зертханада расталған 7247 жағдайы тіркелген, ал, 2021 жылы 42434, биылғы 2022 жылы – 20071, шілде айының өзінде – 809 адам тіркеліп отыр.

Өңірде COVID-19 15 маусымнан бастап  ушыға түскен. Тәулігіне КВИ-дің 104 жағдайы тіркеліп отыр. Көкшетау қаласында – 25, Аршалы ауданында – 17, Бурабай ауданында – 15, Шортанды ауданында – 13, Астрахан ауданында – 7, Ақкөл және Ерейментау аудандарында– 5, Сандықтау және Зеренді ауданында – 2, Жақсы ауданы мен Қосшы қаласында  1 жағдайдан тіркелген , – дейді бас санитар.

Өткен аптада 13 шілдеден 20 шілдеге дейін 213 жағдай тіркелген екен. Соңғы 21 шілдеден бастап 27 шілдеге дейін, 532 жағдай тіркеліп, өсім 2,4 есе. Бұл тығырықтан шығудың басты амалы уақытылы вакцина алу болып табылады.       Бір ғана мысал, жұқтырғандардың 809-дан 416-сы немесе 52 пайызы екпе алмағандар, ал, 254 адам немесе 64 пайызы уақытылы ревакцинациядан өтпеген.  Шілде айында сырқаттанғандардың жалпы саныныңғ яғни, 670 науқастың немесе 83 пайызының коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеті болмаған.

Шілде айының басынан бері коронавирустық инфекцияға шалдыққан 809 науқас тіркелді, оның ішінде жүкті әйелдер арасында 29 жағдай орын алған.   2022 жылдың басынан бастап 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 ауруының 3107 жағдайы тіркеліпті.  2022 жылдың басынан бастап 60 жастан асқан тұлғалар арасында – 3548, оның ішінде мамырда – 1, маусымда – 3, шілдеде – 223 жағдай тіркелген екен.

Егу науқаны басталғаннан бері бірінші компонентпен 362 286 адамға екпе жасалған. Бұл халықтың жалпы санының 49,4 пайызын  құрайды. Екінші компонентпен 349 553 адам егілді. Коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация туралы айтатын болсақ, барлығы 159906 адам қамтылды, бұл тиісті тұрғындардың  63,2 пайызын құрап отыр.  Облыс бойынша ең аз қамтылғандар Қосшы, Степногорск, Көкшетау қалалары мен Бурабай, Аршалы аудандарында байқалады. Коронавирустық инфекцияға қарсы қайта ревакцинацияға барлығы 26733 адам тартылды, бұл тиісті контингенттің 100 пайызын құрайды.  Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша коронавирустық инфекция диагнозымен 33 науқас ауруханаға жатқызылды, ауыр науқастар жоқ. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта, қалған өңірлер Ақмола облысын қоса алғанда, жасыл аймақта орналасқан.

Брифинг соңында өңіріміздің бас санитарлық дәрігері маймыл шешегі менингококк туралы да хабардар етіп, аурудың белгілерін нақты айтып берді.

 Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар