НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елордадағы эпидахуалдың тұрақтана бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«15 шілдеден бері коронавирус жөніндегі эпидахуал матрицасын қайта қарап, өзектілендірдік. Соңғы 7 күндегі орташа тәуліктік науқастану көрсеткішінен, 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткішіне көштік.
Бұл, яғни, емханаға жатқызудың тәуліктік деңгейі денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені дәл сипаттайды», — деді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда кейінгі бірнеше күнде ахуалдың тұрақтанып келеді.
«Екіншіден, Нұр-Сұлтанда «R» көрсеткіші күн сайын азайып келеді. Ол шама бүгін бірден сәл ғана артық болып тұр – 1,098. Шатаспасам, Нұр-Сұлтадағы қазіргі ахуалды ушығып тұр дегеннен тұрақтанып келе жатыр деуге көбірек келеді.
Сондықтан, біз Нұр-Сұлтан қаласында қосымша қатаң шаралар енгізу туралы айтып та, болжап та отырған жоқпыз. Бірақ көп дүние өзімізге, біздің әрекетімізге, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына құлақ асқанымызға байланысты. Әзірше Нұр-Сұлтан «сары» аймақта.
Бұл жағдайда қоғамдық көлікке мінген кезде және жабық ғимаратқа кіргенде маска кию сияқты шаралар ғана бар», — деді Айжан Есмағамбетов. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда маймыл шешегін диагностикалаудың әдістемесі әзірленіп жатқан айтты.