– Швейцария мен Франция шекарасындағы Брен көліндегі жағдай Еуропадағы тарихи құрғақшылықтың ауқымын көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-қа сілтеме жасап.
Бұл су қоймасы Юра тау жотасында 12 мың жыл бұрын пайда болған. Бұрын оның тереңдігі 18 метрге жетсе, биылғы жазда көл дерлік толығымен құрғап қалды. Брюссельде Еуропадағы рекордтық ыстық ауа жаздың табиғат пен адамдарға тигізетін әсерін алаңдаушылықпен зерттеп жатыр.
«Жүргізілген мониторинг Еуропаның көптеген бөліктеріндегі аптап ыстық пен қуаңшылық осы жазда егін өнімділігіне қатысты болжамды айтарлықтай төмендететінін көрсетіп отыр. Еуропалық комиссия ғалымдарының пікірінше, Батыс Жерорта теңізінің батыс бөлігінде ауа райы қараша айына дейін әдеттегіден жылы және құрғақ болады. Бұрын айтылғандай, қазіргідей құрғақшылық кем дегенде 500 жыл бойы болмаған», — деді Еурокомиссия өкілі Йоханнес Барке.
Егіннің шықпауы – құрғақшылықтың жалғыз салдары емес. Еуропаның көптеген қалалары мен ауылдарында, мысалы, Францияның оңтүстік-шығысындағы Ле Буше-Сен-Никольде тұрғындар үшін ауыз су жеткіліксіз. Оны жүк көліктерімен жеткізуге тура келіп отыр. Өзендер мен көлдерде су деңгейінің төмендеуі экологиялық проблемаларды тудыруда. Көптеген су қоймаларында балықтар қырылып, кеме тасымалы тоқтап тұр.
Сонымен бірге ыстық пен құрғақшылықтың 700 мың гектар орман өртеніп кеткен.