Облыстық мәслихаттың экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Ақмола облысының аумағында профилактикалық, эпидемияға және туберкулезге қарсы іс-шараларды орындау мәселелері қаралды.
Отырысты ашқан комиссия төрағасы Ғалым Бекмағамбетов бұл тақырып әрдайым өзекті екенін, ковид пен туберкулез әлемнің кез-келген елінде жеңілмейтінін атап өтті. Бүгінгі таңда жалпы міндет – эпидемиялық толқындардан аулақ болу. Қалай? Отырысқа қатысушылар, оның ішінде депутаттар Елена Мащинская, Жұмабай Әміржанов, Мұрат Шәмшінұров мұның мән-жайына бойлауға тырысты.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ, алаңдау үшін елеулі себептер бар. Барлық қабылданған профилактикалық шараларға қарамастан, мамандар туберкулезбен аурудың өсуін атап өтті. 2021 жылмен салыстырғанда ол 1,1 есеге өсті. Ағымдағы жылы 190жағдай анықталған, жасөспірімдер арасында туберкулездің өсуі байқалады.Маусымдық кезеңде ЖРВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіштері де артып, 1,3 есе өсті.
Эпедемиологиялық жағдай бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов толық ақпарат берді.Өткізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы облыстықҚ.Құрманбаеватындағы фтизиопульмонология орталығының директоры Жұмабек Махашев баяндады. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанова туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік қолдау туралы хабардар етті. Депутаттардың сауалдарына білім басқармасының бас маманы Марина Ли, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы Ұлпан Аманбаева жауап берді.
Тақырыпты талқылау барысында комиссия төрағасы Ғ. Бақмағамбетов сөз сөйлеушілердің басым көпшілігінде қалыптасқан жағдайдың себептері мен алдағы уақытта мұндай өсуге жол бермеу бойынша ұсынылатын шараларды талдамай, статистиканы ғанаайтып, тек фактілерді атап өтушілік басым екенін жасармады. Осыған байланысты жақын арада бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу туралы шешім қабылданды, олар жинақталып, келесі отырысқа шығарылады.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.