Конституцияға сәйкес жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
Алайда, халықтың есебінен баюға ұмтылу мақсатында кейбірулер заң жолын кесіп өтуде.
Осылайша, азамат «И» ЖШС-нің директоры бола отырып, шортанды ауданының аумағында барлау жұмыстарын жүргізу сылтауымен, өндіруге тиісті келісімшарт пен лицензиясыз техногендік минералдық түзілімдерді өңдеу арқылы қатты пайдалы қазбаларды шығарып алған.
Алынатын қазбалар кейіннен басқа заңды тұлғаларға өткізілген.
Өзінің іс-әрекетімен азамат «И» мемлекет мүддесіне 277 млн.теңгеден астам материалдық залал келтірді.
Шортанды аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 214-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша азамат «И» аудан аумағында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Аудан прокуратурасы тағайындалған жазалау шарасы бөлігінде соттың шешімімен келіспей, Ақмола облыстық сотына апелляциялық өтініш енгізді.
Ақмола облыстық соты аудан прокурорының апелляциялық өтінішін қанағаттандырып, азамат «И» тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілді.
Шортанды ауданының прокуратурасы