Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биыл ел экономикасының өсімі 3,1% құрады - АРҚА АЖАРЫ

Биыл ел экономикасының өсімі 3,1% құрады

 – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы қаңтар-тамызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ті құрады. Нақты сектордағы өсу 3,3% болды. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ке өсті.

Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсу қарқынын көрсетуде.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқынының 5,7%-ке дейін жеделдеуі байқалады», – деді министр.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінген инвестициялар 2 есе, білім беруге бөлінген инвестициялар 59,1%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуге бөлінген инвестициялар 30,1%, саудаға бөлінген инвестициялар 21,9%, қаржы және сақтандыру қызметіне бөлінген инвестициялар 20,2%, жылжымайтын мүлікпен операцияларға бөлінген инвестициялар 18,8%, құрылыс саласына бөлінген инвестициялар 15,7% өскенін атап өтті.

«Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалуда», – деді ведомство басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар