Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ картасы –этникалық қазақтарға жеңілдетілген виза, 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігі - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ картасы –этникалық қазақтарға жеңілдетілген виза, 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігі

– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова этникалық қазақтарға берілетін Қазақ картасының артықшылықтарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, шетелдегі қандастардың тарихи отанымен байланысын нығайту үшін оларға Қазақ картасы беріледі. Бұл картаның иесі саяси құқықтарды қоспағанда, тұру құқығымен бірдей болатын елге жеңілдетілген кіру құқығын (бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу) иеленеді.

«Қандастарымыз жөнінде еш мәселе жоқ. Олардың келуі бүгінгі таңда қолданыстағы заңда толық қамтылған. Сонымен бірге, шетте жүрген, өз бизнесі бар, бірақ елмен тарихи байланыста болғысы келетін этникалық қазақтар да бар. Сондықтан Қазақ картасы деген әлемдік тәжірибеде бар карталардың бірін қолданбақшымыз. Ондағы негізгі түйін – егер шетелдегі этникалық қазақ сол елде тұра берем, бірақ еліме келіп, бизнес ашып, өз елімнің дамуына үлес қосам десе, олардың келіп-кетуіне толық мүмкіндік беріледі және жеңілдетілген визалар беріледі, 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігін алады», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, Президенттің кезекті Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар