Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай қаласында ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Жарысқа 150-ден астам атлет қатысуда. Оның ішінде ақмолалық қыздар Юлия Трошкина 49 кг салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болса, Валерия Васечко 49 кг салмақта 4-ші орын алып, ҚР спорт шебері нормативін орындады.
Жерлестеріміз бапкерлері Сергей Шевченко және Сағындық Кененбаевтың жетекшілігімен жаттығады.