Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады - АРҚА АЖАРЫ

Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады

Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп  келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын қасиетті алтын бесігі.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды екен. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге, оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, аға ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізіп, бойына сіңірту.Яғни,әке-шешенің парызы – балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру.

Отбасы күніне орай, Краснояр қалалық үлгілі кітапханасында ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере сүйіп отырған өнегелі отбасы иесі, облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттықбайқауының жүлдегері, «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» төсбелгісінің иегері, ауылымыздың тұрғыны, тұрақты оқырманымыз Жырғау Туғанбайұлының отбасымен «Отбасы және отбасылық құндылықтар» атты кездесу-сұхбат ұйымдастырдық.

Шараға Краснояр ауылының әкімі Тасқынбай Ардақ, ардагерлер кеңесінің төрағасы ЕсімбекӘбішев, ауыл ақсақалдары СансызбайӘбуев, ЖексенбайСүлейменов, Төкен Ильяс, тағы басқа оқырмандар, жастар қатысты.

Кеш барысында Жырғау Туғанбайұлы, Юра Аравханқызыөз отбасын көпшілікке таныстырып, әулетінің тарихы, бала тәрбиесі, қазіргі жас отбасылар мәселесі төңірегінде әңгіме өрбітіп, құт-береке қонған бақытты шаңырақ болудың сырларымен бөлісті. Кішкентай немерелері кеш құрметіне тақпақ, өлеңдерін арнады. «Көкше» мәдениет үйінің өнерпаздары кеш кейіпкерлерінің құрметіне әулеттің тірегі әкеге, отбасы ұйытқысы анаға арнап әннен шашу шашты. Ауыл әкімі Ардақ Тасқынбайұлы барша жиналған қауымды Отбасы күнімен құттықтап, әр шаңыраққа бақ-береке тіледі. Ауыл үлкендері ақ тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ортасы. Қазір заманда отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақтың ұлы ақыны М.Жұмабаев былай деген екен: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн». Иә, тәрбие тал бесіктен басталса, Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – барша халқымыздың бақуатты да, табысты болашағының кепілі.Әр шаңырақта амандық-саулық болып, Отанымыз өркендей берсін!

Гүлжанар БОДАУБАЙ,
Краснояр қалалық үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар