Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім беру жүйесінде 22697 педагог жұмыс істейді - АРҚА АЖАРЫ

Білім беру жүйесінде 22697 педагог жұмыс істейді

2021 жылдан бастап облыста ауылдық елді мекендерде кәсіптік қызметті жүзеге асыратын мұғалімдерге коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша қаржылай қолдау көрсетіледі деп мәлімдегі өңірлік коммуникациялар қызметінде  Мұғалім күні мерекесіне орай өткізілген брифингте Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова.

Қазанның алғашқы жексенбісі – Қазақстанда Мұғалім күні. Бұл – білім беру саласында қызмет етіп жүрген мамандарға ортақ мереке. 1994 жылдан бері дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді. Мұғалім күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне белгіленді.

«Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деген Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөзі бүгінде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның дәлелі – елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданып, қолданысқа сәтті енуі. Құжат 21-баптан тұрады. Ол баптар Қазақстан Республикасындағы барлық ұстаздар қауымының  кәсіби құқығы мен міндеттерін айқындайды. Ақмола облысында да білім беру саласындағы мамандардың құқығы басты назарда.

Жалпы, өңірдің  білім беру ұйымдарында 22697 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде: 12326 педагог жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өтті, педагог-шебер 71, педагог-зерттеуші  2653, педагог-сарапшы  4760 және педагог-модератор санатында 4842 адам еңбек етіп жүр.

Бұдан бөлек, «Педагог мәртебесі туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында адал еңбегі және кәсіби міндеттерін сапалы орындағаны үшін Ақмола облысы әкімдігі тарапынан бір реттік  сыйақы төлеу  туралы шешім қабылданды.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, елдің өркендеуі мен дамуына қосар мұғалімдердің үлесі зор. Олардың ерең еңбегін құрметтеуден жалықпауымыз керек!

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар