Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Химия бойынша Нобель сыйлығы үш ғалымға берілді - АРҚА АЖАРЫ

Химия бойынша Нобель сыйлығы үш ғалымға берілді

— Стокгольмдегі Нобель комитеті химия сыйлығының 2022 жылғы иегерлерін атады, олар – АҚШ ғалымдары Кэролайн Бертоцци мен Барри Шарплесс, сондай-ақ дат ғалымы Мортен Мелдал, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Сыйлық клик-химиясының әдістерін дамытқаны үшін берілді.

«Химия бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы күрделі процестерді жеңілдетуге арналды. Барри Шарплесс пен Мортен Мелдал молекулалық құрылыс блоктары жылдам және тиімді біріктірілетін химияның функционалды түрі – клик-химияның негізін қалады. Ал Каролин Бертоцци клик химиясын жаңа деңгейге шығарды», — делінген комитеттің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, 1901 жылдан бері химия бойынша Нобель сыйлығы 113 рет берілді. Сыйлықтың 2022 жылғы мөлшері 10 млн швед кронасын (шамамен 900 мың доллар) құрап отыр.

Физика бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығын француз Ален Аспе, америкалық Джон Ф.Клаузер және австриялық физик Антон Цайлингер алғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Фото: TT News Agency/Christine Olsson via Reuters

Дереккөз:  www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар