Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іргелі ұйымның миссиясы - АРҚА АЖАРЫ

Іргелі ұйымның миссиясы

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы 20 қарашада жоспарланған еліміздегі маңызды саяси науқан – кезектен тыс президент сайлауын байқау бойынша миссиясын бастады.

Ел билігінің арнайы шақыртуы­мен келген халықаралық ұйымның мүшелері сайлау күні ғана емес, науқанға дейін де, кейін де жұмыстарын жалғастырып, нақты бағасын бермек. Бюро басшысы Уршула Гацек аталған ұйым бұған дейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердегі 400-ден астам саяси науқанға қатысқанын атап өтті.

– Құрамда 11 халықаралық сарапшы, 30 ұзақ мерзімді байқау­шы бар. Сондай-ақ сайлау­ға бірнеше күн қалғанда қатарға қосылатын 300 қысқа мерзімді байқаушы тіркеледі. Басты мақсат – сайлаудың ЕҚЫҰ міндеттемелеріне және демократиялық сайлау өткізу жөніндегі басқа да халықаралық міндеттемелер мен стандарттарға, сондай-ақ Қазақстан  заңдарына сәйкес өтуін бақылау. Қала берді, әр кандидаттың құқығының қорғалуын назарда ұстаймыз. Сайлаудан кейін де тиісті жұмысты жалғастырамыз. Себебі, саяси науқаннан кейін наразылық туындауы мүмкін. ЕҚЫҰ-ға мүше елдердегі сайлаумен салыстыруға құқығымыз жоқ. Кейде бізді үгіт-насихат бағытындағы ұйым ретінде танып, ақыл-кеңес береді деп топшылайтындар бар. Біз тек сайлау барысын, науқанға дейінгі және кейінгі оқиғаларды бақылайтынымызды айтқым келеді, – дейді Уршула Гацек.

Байқаушылардың басым бөлігі бұған дейін елімізде өткен президенттік сайлауларға қатысқан, яғни тәжірибесі мол мамандар. Олар үгіт-насихаттың,  оның ішінде әлеуметтік желілерде жүргізілуін, барлық деңгейдегі сайлау әкімшілігінің жұмысын бақыламақ. Сайлауға қатысты заңнама және оның орындалуын, негізгі бостандықтарды құрметтеу, сайлау дауларын шешу сияқты сайлаудың барлық аспектілерін мұқият қадағалайды. Сондай-ақ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы бұрынғы сайлауларда айтқан ұсыным­дардың орындалуын бағаламақ.

Мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың, азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық қауымдастықтың өкілдерімен кездесулер бақылаудың құрамдас бөлігі. Аталған ұйым халықты және бұқаралық ақпарат құрал­дарын сайлауды бақылау мис­сиясының қызметі туралы хабардар ету үшін сайлауға шамамен екі апта қалғанда аралық есеп беруді көздеп отыр.

Дереккөз: egemen.kz/article/326145-irgeli-uyymnynh-missiyasy

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар