Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлау: Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады - АРҚА АЖАРЫ

Сайлау: Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады

– Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржыландыру ережелерін бұзу және үгіт-насихат ережелерін бұзу сайлау науқандарының өте маңызды аспектісі болып саналады. Ол үшін әкімшілік және конституциялық-құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Егер кандидаттардың штабтары ережелерді бұзса, бұл кандидатураларды алып тастауға да әкеп соғады», — деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров семинар қатысушыларына.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын шығындар қалай қаржыланатынын түсіндірді.

«Сайлауды қаржыландыру – сайлауды дайындау мен өткізуді қаржылық қамтамасыз етуге, сайлау алдындағы үгіт-насихатты қаржыландыруға байланысты шаралардың жиынтығы. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығындарды қаржыландыру ҚР Сайлау туралы конституциялық заңында жазылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру нормалары көзделген.

Президент сайлауы осы мақсаттар үшін ашылатын жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Сайлау науқаны аясында кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат шығындары қаржыландырылады», — деді С. Мұстафина.

Айта кетейік, кеше сағат 18:00-де президенттікке үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар