– ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов президенттікке кандидаттар арасындағы телевизиялық пікірсайыс қанша уақытқа созылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ал «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов телевизиялық пікірсайыс уақыты созылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
«Теледебат кемінде 80 минут болады деп отырмыз. Ол кандидаттардың бағдарламасын таныстыруына, сұрақтарға жауап беруіне байланысты ұзарып кетуі де мүмкін. Сондықтан кандидаттарға қандай да бір шектеу болады деп ойламаймын», — деді ол.
Сонымен қатар Дәулетхан Жиенқұлов агенттіктің электронды поштасына сайлаушылардан сұрақтар келіп түсіп жатқанын жеткізді.
«Сұрақтар видеоформатта болады. Кез келген азамат өзі таңдаған кандидатқа сауалын жолдай алады. Кімнен келсе де, сұрақ қойылады. Сауалдың тікелей эфирде қойылуына регламент мүмкіндік бермейді», — деді телеарна өкілі.
Фото: ortcom.kz